24 қарашада Журналистердің халықаралық зерттеу консорциумы (ICIJ) "Қытай билігіне тиесілі" құпия құжатты жариялады. "Телеграмма" деп аталатын құжатта Пекиннің Шыңжаңдағы лагерьлерге қамалатын адамдарды анықтау жолы, саяси тәрбиелеу орталықтарының қалай басқарылатыны жазылған.
Қытайдан қоныс аударған кей қазақтар жарты жылдан бері Қазақстан азаматтығын ала алмай жүргенін айтады. Заң бойынша, шетелде туған қазақтарға Қазақстан азаматтыққа өтініші үш айда қаралуы тиіс.
12 қарашада Жаркент қаласындағы Панфилов аудандық сотында қазақ-қытай шекарасын заңсыз кесіп өтті деп айыпталған Шыңжаң қазағы Қайша Ақанның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот басталды. Алғашқы отырыста айыпталушы жауап берді.
Қытайдан "шекараны кесіп өтіп", Қазақстанда екі айға қамалған Шыңжаң қазақтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлына "пана іздеуші тұлға" куәлігі беру туралы шешім қабылданған. Бұл туралы екеуінің адвокаты Бауыржан Азанов хабарлады.
Қытайдан Қазақстанға көшіп келген қазақ отбасы көп ұзамай еріксіз екіге бөлінді. Шешелерін Қытай жібермей қойғанын балаларға қалай түсіндіремін дейді әкесі. Олар сыртқы істер министрлігінің "Қытайға сұрау салдық" деген хатынан үміттенеді.
"Қазақ-қытай шекарасын кесіп, бергі бетке өткен" Шыңжаң қазақтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлын 14 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі әкетті.
"Шыңжаңдағы лагерьлерде қазақтар жоқ" дейді Қазақстан сыртқы істер министрлігі. Лагерьде қамауда отырған туыстарының аты-жөнін атап, суретіне дейін көрсеткендер "мұндай мәлімдемеден соң біздің туғандарымыз ескерусіз, іздеусіз қала ма" деп торығады.
АҚШ "Шыңжаңда ұйғырлар мен қазақтарға және басқа да мұсылмандарға қысым жасауға қатысы бар" Қытайдың 28 компаниясы мен фирмасына санкция салды.
Қытайдың "саяси тәрбиелеу лагерінде" болған Ерғали Ермек ол жерде денсаулығынан айырылғанын айтады. Ерғали тәрізді зардап шегіп оралғандарға емдеуге қажетті қаржы жинауға құқық қорғаушылар мен еріктілер көмектесіп жүр.
Қытайдағы "қайта тәрбиелеу орталығында" адамдарды қалай оқытады? "Орталықтағы" тамақ, күзет және жатын орын қандай? Лагерьде отырып шыққан этникалық қазақтың әңгімесі.