Accessibility links

Оңтүстік Корея Украина әскерінің қолына түскен солтүстіккореялық сарбаздарды қабылдауға әзір


Оңтүстік Корея украин күштерінің қолына түскен кез келген солтүстіккореялық сарбазды қабылдауға дайын. Бұл жөнінде Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрлігі хабарлады деп жазды Bloomberg.

"Конституция бойынша солтүстіккореялық сарбаздар біздің де азаматтарымыз және жекелеген тұлғалардың еркіндігін құрметтеу халықаралық құқық пен дәстүрге сай" деп жазылған ведомствоның мәлімдемесінде.

Бұған дейін украин күштерінің қолына түскен солтүстіккореялық сарбаздардың бірі "Чосон ильбо" басылымына берген сұхбатында Оңтүстік Кореядан саяси баспана алғысы келетінін мәлімдеген еді. Мақалада аты-жөні аталмаған украиналық шенеунік бұл Оңтүстік Корея үкіметінің көзқарасына байланысты деп айтқан.

Оңтүстік Корея бұл ниетін украиналық әріптестеріне жеткізгенін және олар тиісті келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады. Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрлігі Солтүстік Корея сарбаздарын "қудалау қаупі бар жерге еркінен тыс жіберуге болмайды" деді.

  • 2025 жылы қаңтар айында Киев Курск облысында екі солтүстіккореялық сарбазды тұтқынға түсіргенін мәлімдеген. Оларды тергеген кезде бірі Ресейге оқуға келгенін айтқан. Кейін Украина президенті Владимир Зеленский Киев оларды Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынға беруге дайын екенін, ол үшін Ким Ресей түрмесінде отырған украин тұтқындарымен алмасуды ұйымдастыруы керек екенін айтқан.
  • Батыс барлаушыларының мәліметінше, Ресейге шамамен 10 мың солтүстіккореялық сарбаз келген болуы мүмкін. Курск облысындағы шайқастарға солтүстіккореялықтар қатысып жатқанын Оңтүстік Кореяның барлау қызметі де растаған.
  • Мәскеу мен Пхеньян ақпаратты растаған жоқ және үзілді-кесілді жоққа шығарған да жоқ.
XS
SM
MD
LG