2017 жылы маусымның 22-сі мен 25-і аралығында Астанада дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайы өтеді. Ұйымдастырушылардың жұмыс тобына үнемі мүше болып келе жатқан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері «төрт түрлі өзекті мәселе қозғаймыз» десе, сынаушылар «ұйымдастырушылардың шеттегі қазақтың көкейкесті мәселелерін ашық талқылаудан қашқақтайтынын» айтады.