Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Түркия-Сирия шекарасындағы ДАИШ содырларымен соғысуға аттанған танкілер. Сирия шекарасы, Газиантеп ауданы маңы, 24 тамыз 2016 года жыл.
Түркия «1941 қазақстандықтың» Сириядағы қақтығыс аумағына барғаны туралы мәлімет бар деп, оларды территориясына кіргізбейтінін мәлімдеді. Қазақстан азаматтары қақтығыс аймағына кіруге жиі талпынатын 10 ел қатарында аталған.
Түркияның ішкі істер министрлігі (ІІМ) «Түркияның ДАИШ-пен соғысы» атты есебін жариялады. «Кітап» деп сипатталған баяндаманың жарияланған мерзімі «2017 жылдың шілдесі» деп жазылған.
Осы есептің ішінде Сирия мен Ирактағы ДАИШ («Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы» деп те аталады) содырларымен қақтығыс жүріп жатқан аймаққа Түркия шекарасы арқылы кіруге әлемнің әр елінен 53 781 адам талпынды (кіріп-шықты) деп жазылған. Түркия ІІМ-і Сириядағы қақтығыс ошағына барғаны туралы мәлімет түскен адамдарды «терроризммен байланысы бар» деп санайтындарын айтады. Ол адамдардың кейбірі ұсталып, депортация жасалған, кейбірі тіркеуге алынған.
Азаматтары «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы (ИМ немесе ДАИШ) содырларымен қақтығыс аймағына, яғни Сирияға кіргені туралы жиі хабарланған алғашқы 10 елдің тізімін Сауд Арабиясы мен Тунис бастап тұр. Осы ондыққа бұрынғы СССР елдерінен төрт мемлекет кірген. Оның ішінде алғашқы орынды Ресей алған. Сирияға барғаны туралы хабарланған ресейліктер саны – 4128. Онан кейін Тәжікстан аталады – 2651 адам.
Ресейде Сириядағы соғысқа адам жинап жүрген жерінен ұсталған адамдар. Петербург, 5 сәуір 2017 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан алғашқы 10 ел ішінде 1914 адамымен сегізінші орында болса, ал осы ондыққа кірген ТМД елдері ішінде үшінші тұр. Қазақстаннан кейін 1677 адаммен Әзербайжан орналасқан. Түркия заңы бойынша бұл "қара тізімдегі" азаматтар ел территориясына кіре алмайды. Өйткені, Түркия билігі бұл адамдарды қақтығыс аймағына жету үшін шекараны заңсыз кесіп өтті, тағы да тырысуы мүмкін деп санайды.
Түркия ІІМ-і ДАИШ-қа өз территориясы арқылы баратын адамдардың жолын кесу мақсатында 81 провинциясының жолдарындағы көліктерді тексеруді күшейткенін, ал Сириямен арадағы шекараға 911 километрлік қабырға салынып жатқанын жазады.
Есепте 2014 жылдың сәуірінен бері Түркия қауіпсіздік қызметі террористік топтармен байланысы бар деген күдікпен 17500 шетелдік азаматты тексеріп, 4500 адамды депортациялаған.
"ҚАЗАҚСТАН ҮШІН БҰЛ ҚАУІПТІ КӨРСЕТКІШ"
Ал саясаттанушы Досым Сәтбаев Түркияның бұл мәліметті жариялауы мен Қазақстанның шетелдердегі қақтығыс ошақтарына барып, ұрыстарға қатысқан адамдарды азаматтықтан айыру туралы жаңа заң өзгерісі тұспа-тұс келгенін айтады.
Саясаттанушы Досым Сәтбаев.
- Бұл көрсеткіштің (1914 адамды айтады – авт.) пайда болуы - Қазақстан үшін өте жағымсыз индикатор. Азаматтардың ерікті түрде елден кетіп, радикалды ұйым жағында соғысқа баруы – жаман көрсеткіш. Ондай азаматтардың кейбірі Сирияға кетпей, ел ішінде «ұйықтап жатқан ұяшықтарда» жүруі де мүмкін. Қазақстан үшін бұл сан көп, қауіпті көрсеткіш дер едім. Сирия аумағына жеткісі келген Қазақстан азаматтарының туристер емес екені белгілі. Мен олардың көбі соғысқа қатысуды жоспарлады деп ойлаймын. Бұрын қауіпсіздік құрылымдары «Ислам мемлекеті» (ИМ немесе ДАИШ - авт.) террорлық ұйымы қатарында соғысқа қатысып жатқан Қазақстан азаматтарының санын 300,500, кейде 2000-ға дейін деп көрсететін. Бұл мәлімет те қауіпсіздік органдарының назарына алынады. Бұл тізім көбеюі де мүмкін, - дейді ол.
Азаттық тілшісі Түркия ІІМ-і ақпаратына қатысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен (СІМ) ақпарат білуге тырысқан еді. Өкінішке қарай, СІМ-нен Түркияға кіруге тыйым салынған қазақстандықтар туралы қандай да бір ақпарат алу мүмкін болмады.
Сирияға барған Қазақстан азаматтары туралы хабар 2013 жылы қазан айында YouTube желісінде «Сирияға қоныс аударған қазақстандық жиһадшылар» видеосы жарияланғаннан кейін көп ұзамай-ақ шыға бастаған, Жезқазған қаласының кейбір тұрғындарының Сирияға кеткен балалары қаза тауып, азалы ас бергені туралы сөз тараған. Мұнан кейін де Сирияда жүрміз деп мәлімдеген қазақ "жиһадшыларының" бірнеше видео-үндеулері тарады.
ФОТОГАЛЕРЕЯ: Сириядағы «қазақ жиһадшылары»
Сириядағы «қазақ жиһадшылары»
1/162013 жылы 15 қазанда YouTube-те «Сирияға жиһад жасауға барған 150 қазақ» туралы ұзақтығы 20 минуттық бейнематериал жарияланды. Онда өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін хижра қылғандар (қоныс аударғандар - ред.)» деп сипаттайтын, қазақ және орыс тілдерінде сөйлейтін ересек ер адамдармен бірге ондаған бала да көрсетіледі. Бұл тақырып әлеуметтік желілерде қазақстандық қолданушылар арасында қызу талқыланды.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
2/16Ол видеода көрсетілген балалардың кішілері әлі еңбектеп жүр, жеті-сегіз жас шамасындағы ересектері дауыстап Құран сүрелерін оқып отыр. Биіктігі бір метрден астам тас не балшық дуал ішінде отырған жас балалардың арасында үш-төрт жастан асқан кішкентай қыздардың бәріне қара түсті хижаб кигізіп, кейбірінің бетін көзі ғана көрінетіндей етіп бүркеп қойған. Видеода бойжеткен қыздар мен әйел адамдар мүлдем көрінбейді. Ұл балалардың етпеттеп, қол күштерін шынықтырып жаттығу жасап жатқан сәті де көрсетілген.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
3/16Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков "Сирияға жиһадқа барған 150 қазақстандық" туралы видеоны "әлдекімдердің үгіті" деп атады. Қазақстан сыртқы істер министрлігі видеода көрсетілген адамдар "Қазақстан азаматтары екенін растайтын не жоққа шығаратын мәлімет министрлікте жоқ" екенін мәлімдеді. Қазақстан дін істері агенттігінің өкілі Сақтаған Сәдуақасов видеоны сараптап жатқандарын айтумен шектелді.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
4/16Бірақ Азаттық тілшілері Қарағанды облысынан бұған дейін бірнеше азаматтың «жиһад жасау үшін» Сирияға аттанғанын анықтады. «Сириядағы қазақ жиһадшылары» жайлы видеодағы қару асынған адамдардың бірі - Астана маңындағы Максимовка ауылының тұрғыны 27 жастағы Аманжол Жансеңгіров екенін туыстары мен жерлестері таныды.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
5/16Видеода аты-жөні Әбу-Хафиз әл-Казақи деп көрсетілген Аманжол Жансеңгіров 1986 жылы Қостанай облысында туған. Кейін Жаңсеңгіровтар отбасы Ақмола облысына көшіп келген. Аманжол – үйдегі бес баланың екіншісі.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
6/16Туыстарының айтуынша, Аманжол жарты жыл бұрын үй-ішіне Түркиядан хабарласып, аман-есен екендерін, ұлды болғандарын айтқан. Аманжолдың әкесі Алпамыс Жансеңгіров (суретте) осыдан 9 жыл бұрын дінге бет бұрған ұлының неге осындай жағдайға тап болғанын түсіне алмайтынын айтып, "оны біреулер пайдаланып отыр" деп, көзіне жас алды. Жансеңгіровтер отбасы Аманжолды Сириядан Қазақстанға қайтаруды сұрап, сыртқы істер министрлігіне өтініш айтты.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
7/16Журналистік зерттеу жүргізген Азаттық тілшілері «Сириядағы жиһадшы топ» ретінде видеоға түскен адамдардың тағы бірі – 1981 жылы туған жезқазғандық Мақсат Аймаханов болуы мүмкін екенін анықтады (суретте қызыл шеңбер ішінде).
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
8/16Азаттық тілшісі Жезқазған қаласында жолықтырған жергілікті тұрғын Есмұрат Аймаханов видеода Нұх Әл-Қазақи деп таныстырылған адам өзінің ұлы Мақсат Аймаханова екенін растап, баласының бұрын түскен суретін көрсетті.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
9/16Есмұрат Аймаханов (суретте) Азаттыққа төрт ұлының екіншісі Мақсаттың соңғы жылдары такси жүргізушісі ретінде күн көргенін айтып берді. Үйлі-баранды, үш қызы бар Мақсат банк арқылы несиеге алған пәтерінің ақшасын жабу үшін табысы мол жұмыс қарастырып жүрген. 2012 жылдың жазынан бастап діне бет бұрып, намаз оқи бастаған. Биылғы қаңтар айының басында астындағы екі көлігін сатып, отбасын қалдырып, жалғыз өзі сапарға кеткен. Есмұрат Аймаханов видео шығардан бірнеше күн бұрын Мақсат телефон шалып, үй-ішімен сөйлескенін айтты. «Трубканың ар жағынан жылап тұрғанын естідім. Меніңше, ұлым әлдекімдерге алданып қалған» деді ол Азаттыққа.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
10/16Жезқазған тұрғындары «Сирияға кеткендердің» ішінде жерлестері - ағайынды Еркебұлан, Еркемұрат (жасыл шеңберде) және Жасұлан Сәрсенбектер (қызыл шеңберде) бар екенін Азаттық тілшісіне айтты.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
11/16Журналистік зерттеу жасап жүрген Азаттық тілшісімен сөйлескен жезқазғандық жастар Теймур Балакишиев есімді жерлестерін де «Сирияға жиһадқа кеткендердің» бірі деп атады. Азаттық тілшісімен әңгімеде Теймурдың анасы ұлының «Сирияға емес, Египетке оқуға кеткенін» айтты. Интернеттегі «Мой мир» әлеуметтік желісінде «1994 жылы туған, Жезқазғандағы 13-мектепте оқыған» Теймур Балакишиев (суретте оң жақта) есімді қолданушының балдаққа сүйеніп, бір жолдасымен құшақтасып, «Лә иләһә иллә аллаһ» («Алладан басқа құдай жоқ») деген жазуы бар қара түсті ту ұстап түскен суреті бар.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
12/16«Сирияға кеткен қазақтар» туралы хабарлардан соң кейбір адамдар діни көзқарасына сәйкес шетелге кеткен туыстарын қайтаруға жәрдемдесуді сұрап, Азаттық редакциясына телефон арқылы хабарласты. Өзінің толық аты-жөнін атағысы келмеген алматылық Айгүл есімді әйел видеодағы адамдардың арасынан күйеу баласы Кенжебек Ахмадиев пен оның 5 жасар қызын танығанын айтты. Мына суретте құжаттары көрсетілген екі адамды қазақстандық "7-арна" телекомпаниясы "Сирияға кеткендердің бірі Кенжебек Ахмадиев пен қызы" деп сипаттады.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
13/16«Сирияға қоныс аударған қазақстандық жиһадшы топ» жайлы видеода ересек адамдармен бірге Құран аяттары мен өлең оқыған кішкентай балалар көрсетілген. Сол балалардың екеуін танып қалған жақын туысы Азаттыққа хабарласты. Аты-жөнін жарияламауды өтінген бұл адамның айтуынша, видеодағы балалардың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласының тұрғыны Нұрлан Қаматаев пен Мәдина Мырзаханованың сегіз жастағы Дінмұхамед (суретте қызыл шеңбермен оқшаулап көрсеткен ) және алты жастағы Әбілқайыр атты ұлдары бар.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
14/16Туысы видеода Құран аяттарын оқып отырған бұл баланы "аты - Әбілқайыр, жасы - алтыда" деп сипаттады. Ол Мәдина Мырзаханованың күйеуі Нұрлан Қаматаевпен бірге жарты жылдай уақыт бұрын "Дубайға емделуге кеткенін" айтты. "Мәдина Мырзаханованың 10 жасар Салтанат есімді үлкен қызы да бірге болуы тиіс" деді туысы. Бірақ видеодағы қыз балалардың көбі оранып алғандықтан туысы олардың арасынан Салтанаттың бар-жоғын тап басып айта алмады.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
15/16Балалары "Сириядағы қазақстандық жиһадшылар" видеосында жүрген адамдардың - жетісайлық Нұрлан Қаматаев (39 жаста) пен әйелі Мәдина Мырзаханованың (34 жаста) төлқұжаттарының фотокөшірмесі "Мой мир" әлеуметтік желісінде жарияланды. Нұрланның әкесі Орынбасар Қаматаев Азаттық тілшісіне интернеттегі видеодан немерелерін танығанын, бірақ ұлы мен келінін көре алмағанын айтып, "балаларымыз да, немерелеріміз де елге қайтарылса екен" деді.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
16/16Қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов «қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Ол «елде исламдық радикалдық жағдайдың бой көрсетуін ешкім күтпеген таңғаларлық жағдай» болғанын айтты. Суретте: «Сириядағы көтерілісшілер қатарында соғысып жүрген белгісіз азиялықтар».
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Previous slide
Next slide
Ел азаматтарының ИМ содырларының үндеуіне еріп, радикалданып жатқаны айтылса да, Астана ИМ сапында соғысып жатқан қазақтар туралы мәлімдемеге сақтықпен қарап келді. Бірақ Қазақстанда ИМ тобын насихаттайды деп танылған интернет ресурстар жабылды, олардың үгітін таратуға тыйым салынды. 2014 жылдың қарашасында Қазақстан ИМ жаттығуынан өтіп жатқан этникалық қазақ балалары туралы «заңсыз» бейнебаянды жариялауға тыйым салды.
ДАИШ терролық ұйымы қатарында соғысып жүрген азаматтар туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев 2014 жылы "ИМ (ДАИШ - авт.) қатарында 300 қазақстандық соғысып жүр" деп мәлімдеген.
Мұнан кейін Азаттық Сирияға жиһадқа кетті деген азаматтардың ата-аналарымен хабарласып, олардың кейбірінің балаларын қайтуға көндіру үшін Түркияға барып қайтқанын анықтаған болатын. Азаттыққа сол жылы күзде «Сириядағы ұлымды қайтара алмай келдім» деп сұхбат берген жасы 60-тағы Құралай Нұрмағамбетова "26 жастағы ұлым Бағлан Салықовты іздеп, Түркия арқылы Сирияға барып, Қазақстанға оралғанын" айтқан. Оның сөзінше, ұлы «екі баласы мен мүгедек бауырын есіне салса да, кері қайтпауға бекінген».
"Ислам мемлекеті" тобын террорлық ұйым деп Түркия 2013 жылы, ал Қазақстан 2015 жылы күзде таныған.