Батыста жаңа саяси үрдістер қарқын алған тұста жапон газеті «түбінде Азия әлемдегі жаһандану процесінің қозғаушы күшіне айналуы мүмкін» деген болжам жасайды.
Британдық New Statesman журналындағы «Орталық Азия тағамы неліктен матрешкаға ұқсайды?» атты мақалада белгілі ағылшын журналисі Кэролайн Иденнің «Самарқан – Орталық Азияға тағам сапары» кітабын сипаттаған.
Ұлыбритания басылымдары «Қазақгейттің» тәркіленген ақшасын игерген «Бота» қорын дамушы елдердегі халықты тонаумен күрестің жеңісіне балайды.
Шетелдік басылымдар БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне уақытша мүшелік етудің пайдасы шамалы, бірақ Қазақстан оған «үлкен мән» береді деп жазады.
Миллиондаған британдық турист үшін «Брекзиттің» сансыз салдарының ең елеулісі – еуро және доллармен есептегенде бағаның қымбаттауы болмақ. Бірақ Ұлыбританияға баратын туристер ақша үнемдеуі мүмкін.
Батыс баспасөзі Қазақстанға модернизация жүргізу қажет екенін айтады. Павлодар өңіріндегі бір ауылдағы ұлттық қолөнерді жаңғырту жобасы шетелдік басылымды тәнті еткен.
Ақтөбедегі қарулы шабуылдарды талдаған Батыс баспасөзі әлсіз экономика мен саяси реформалардың жоқтығы Қазақстанға көбірек қатер төндіруі мүмкін деп жазады.
Журналистік зерттеуде Әкежан Қажыгелдиннің қызының қаржысының түп-төркініне қатысты күмән туған. Қазақстан салық салу ісіндегі ашықтық критерийлеріне сай емес тоғыз елдің қатарында аталған.
Малайзияда жарияланған хабарда Қазақстандағы бизнес-климатқа жоғары баға берілген. Батыс басылымдары Қазақстанда баспасөз бостандығы мен азаматтардың діни сенім құқығы әлі бұзылып отырғаны жайлы тағы жазған.
Халықаралық басылымдар «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының Орталық Азиядан содыр жинау стратегиясы өзгеріп жатқаны, ал орыс тілі олардың үгіт-насихат жүргізгенде ең жиі қолданатын үшінші тілге айналғаны жайлы жазады.
Батыс баспасөзі Қазақстанда жауырда жер дауына қатысты өрбіген наразылықтарды талдап, Қытайдың Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірісіне инвестиция құю жоспары жайлы жазған.
Батыс баспасөзі Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кеткен соң Қазақстанда «ұжымдық басшылық жүйесі орнауы мүмкін» деген болжам айтады.
Тағы