Accessibility links

Балтық елдері Ресей мен Беларусьтің энергия жүйесінен ажырады


Латвияның климат және энергетики министрі Каспарс Мелнис (сол жақта) пен AST электр энергиясын тасымалдаушы мемлекеттік операторының бас директоры Роландс Ирклис Латвияны Ресеймен жалғастыратын энергия желісінен ажырату рәсімі кезінде. 8 ақпан, 2025 жыл.
Латвияның климат және энергетики министрі Каспарс Мелнис (сол жақта) пен AST электр энергиясын тасымалдаушы мемлекеттік операторының бас директоры Роландс Ирклис Латвияны Ресеймен жалғастыратын энергия желісінен ажырату рәсімі кезінде. 8 ақпан, 2025 жыл.

8 ақпанда Литва, Латвия мен Эстония энергия желілерін Ресей мен Беларусьтің электр жүйесінен ажыратты. Ресейдің Калининград облысы автономды режимде жұмыс істей бастады деп хабарлады Ресейдің энергетика министрлігі.

"Қазір Калининград электр станцияларының жалпы қуаты – 1,88 ГВт, бұл өңірдің ең жоғары энергия тұтынуынан екі есе артық және азаматтарды кез келген жағдайда энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді министрлік.

Эстонияның Postimees газетінің жазуынша, Балтық елдері 33 сағат ішінде толығымен өз жиілік аймағында болады да, жексенбі күні кешке Литваны Польшамен байланыстыратын желі арқылы еуропалық энергия жүйесіне қосылады. Балтық елдері мен Польшаның энергия жүйелерін біріктіру жобасына 1,6 миллиард еуро инвестиция құйылған.

Эстониялық Elering электр желісі операторы Ресей жүйесінен ажырату тұтынушыларға әсер етпегенін хабарлады.

"Балтық елдерінің Ресейге энергия жағынан тәуелділігін жою арқылы біз агрессорды энергияны бізге қарсы қару ретінде пайдалану мүмкіндігінен айырамыз және жүйелерімізді мемлекеттік және аймақтық деңгейде күшейтеміз", – деп түсіндірді Эстонияның сыртқы істер министрі Маргус Цахкна.

Ресей Украинаға қарсы кең ауқымды басқыншылық бастаған кейін Балтық елдері ресейлік газ бен электр энергиясын сатып алуды тоқтатқан. Алайда олардың электр желілері Ресей мен Беларуське қосылған күйі қалған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG