Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының шаруалары комбайн жоқтығынан көктемде салған егінді күзде қолмен жинауға мәжбүр болғанын айтады. Олардың жергілікті билік шаруа қожалықтарын күзде комбайнмен қамтамасыз етсе деген тілегі бар. Ал әкімдік "комбайн тапшы" деген сөзді жоққа шығарады.
Жамбыл облысындағы Жаңатас кентінде үйде ата-анасы жоқта шыққан өрттен қаза болған бес баланы 20 ақпанда әкесінің ауылына жерледі. Отбасына ауыр қайғы әкелген төтенше оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқиғаны "ел басына түскен трагедия" деп атаған.
Қарағанды облысы Ақтас ауылындағы көппәтерлі үйлердің бір бөлігі жергілікті тұрғын Олег Горбунов салған қазандықтан жылу алып келген. Бірақ бірнеше жыл бұрын билік жаңа қазандықтың құрылысына қаржы бөліп, Олегтің өзі де, еңбегі де ескерусіз қалған.
Ақтөбедегі жолаушы таситын компанияның жүзге жуық жұмысшысы басшылықтан жалақы мен әлеуметтік төлемдерге қарызды өтеуді, айлықты көбейтіп, күндік жоспарды азайтуды талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартты. Қала әкімі "мәселені шешуге" сөз берген соң ғана жұмысшылар ереуілді тоқтатты.
3 ақпанда Шымкенттегі Shymkent bus компаниясының автобус жүргізушілері жалақыны көбейтуді талап етіп, жұмысқа шықпады. Олармен келіссөзде басшылық "компанияның шамасы жеткенше" жұмысшылар талабын орындауға келісті.
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғыны Айгүл Қасенова ауыр диагнозына қарамастан, мүгедек азаматтардың құқығын қорғаумен айналысып жүр. Кейінгі бес жылда ол жүз шақты адамның өмірін жеңілдетуге үлес қосқан.
Ақтөбе өңіріндегі "КМК Мұнай" мен "АМК Мұнай" жұмысшылары ереуілді тоқтатқаны хабарланды. Өткен аптада олар жалақыны екі есе көбейтуді талап етіп, ереуіл жариялаған. Облыс әкімдігі компаниялар мен жұмысшылар мәмілеге келіп, Көкжиде мен Бәшенкөл кеніштерінде жұмыс қайта жалғасқанын айтады.
"Бюджет қаржысын жымқырды" деген айып тағылған бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның ісін бір жылдан астам уақыт бойы қараған сот оны ақтады. Бұрынғы шенеунік пен басқа айыпталушылар соттан өздерін толық ақтауды, ал прокурор оларға қатаң түрме жазасын беруді сұраған еді.
Ақтөбе облысында "КМК-Мұнай" компаниясы жұмысшылары жалақыны екі есе көбейтуді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, жұмысты тоқтатты. Кәсіпорын басшылығы еңбекақыны 20 пайызға көбейтуге әзір екенін айтты. Әзірге екі тарап келісімге келген жоқ.
Ақмола облысы Радовка ауылында азық-түлік дүкені жоқ, мобильді байланыс нашар істейді, тәулігіне бір сағат қана ауыз су беріледі. Ауыл халқы қазір қарама-қарсы екі жаққа бөлініп алған. Дауға Украинадан тарихи отанына оралған, билікке "ыңғайсыз сұрақтар" қоятын мейірбике Галина Федюшко себеп болған.
Қарағанды облысындағв бірнеше ауылдың адамдары жергілікті биліктің мыс өндірісіне бола олардың жер телімін мемлекет қажетіне деген уәжбен алып, өздерін тезірек көшіру үшін қысым көрсетіп жатқанын шағынады. Әкімдік оларға "лайықты баспана" ұсынғанын айтады, тұрғындардың оған көңілі толмайды.
Тағы