Үкіметтің арнайы сайтында жарияланған көліктің утилизация алымына қарсы петиция 50 мыңнан астам азаматтың қолын жинап, тиісті мемлекеттік органның қарауына түсті. Оны қарастыратын жұмыс тобы құрылып, оның отырысына петиция авторлары шақырылып, жиынның форматы, жоспары көп дауға негіз болды.
Ақтөбеде 4 маусым күні үйінен шығып кеткен аутист бала төрт күннен соң Елек өзенінен өлі табылды. Бұл оқиға аутизм диагнозы қойылған жандардың басындағы жағдайға қоғам назарын аударды. Ресми мәлімет бойынша, елде 12 мыңнан астам аутист бала өмір сүріп жатыр.
Белсенді Айдар Сыздықовтың тергеу абақтысында үш күннен бері аштық жариялап жатқаны белгілі болды. Түрме қызметкерінің сөзінше, қазір су ғана ішеді.
Қазақстанда мұнай мен газ ғана өндірілмейді. Елде Менделеев кестесіндегі 118 элементтің 99-ы табылған. Бұл байлықтың бәрін біреулер өндіріп жатыр. Азаттық кімдер екенін анықтады. Толығырақ материалдан оқыңыз.
Батыс Қазақстан облысындағы жалғыз кәсіби футбол клубы "Ақжайық" 2024 жылы мемлекеттік бюджеттен ақша алмады. Футболшылар басқарушы компания есебінен ойнап жүр. Билік клубқа бөлінуге тиіс 400 миллион теңге (900 мың долларға жуық) су тасқыны шығындарын жабуға жұмсалды дейді.
Қазақстанда кәмелетке толмаған жеткіншектер арасындағы қорлау, кемсіту, бопсалау, күш көрсету кейде баланың мезгілсіз ажалына себеп болады. Ресми дерек бойынша, биылғы жылдың алғашқы төрт айында кәмелетке толмағандарға қатысты мыңға жуық қылмыс, 11 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелген. Балалар арасындағы буллингке ата-ана да, қоғам да жауапты дейді мамандар.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың билігі оның ырқынан тыс оқиғалардан басталып, 2022 жылғы үлкен қантөгіске ұласқан саяси бүліктен кейін беки түсті. Сарапшылар Тоқаев билікке келгелі жүйелі өзгеріс болған жоқ дейді.
Балқаштың айналасында тұратын ауыл халқы кейінгі бірнеше жылдан бері көл суы тартылып, балығы сиреп кеткенін байқаған. Бір кездері көл түбінде жатқан тастар қазір жағалауға айналыпты. Балқаш көлі Қытайдан бастау алатын Іле өзенінің суына тәуелді.
Саид Максимов Instagram желісінде Қазақстандағы ұйғырлар қауымының басын қосу мақсатымен Digital Yurt ("Цифрлы киіз үй") жобасын бастаған. Жоба аз ғана уақыт ішінде көптің қолдауына ие болғанына өзі де таңғалғанын айтады.
"Бишімбаев ісі" Қазақстан қоғамында әлімжеттіктен жапа шегетін әйел мәселесін қызу талқылауға түрткі болды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға жауапкершілікті күшейтетін заң да қабылданды. Алайда серігінің әңгіртаяғына төзіп, іштен тынып жүрген, кейбірі өз құқын қалай қорғауды да білмейтін әйел әлі де көп дейді мамандар. Кейде жағдай әбден ушығып, ауыр салдарға апарып соққанда ғана өзгелер назар аударады.
Тағы