Саид Максимов Instagram желісінде Қазақстандағы ұйғырлар қауымының басын қосу мақсатымен Digital Yurt ("Цифрлы киіз үй") жобасын бастаған. Жоба аз ғана уақыт ішінде көптің қолдауына ие болғанына өзі де таңғалғанын айтады.
"Бишімбаев ісі" Қазақстан қоғамында әлімжеттіктен жапа шегетін әйел мәселесін қызу талқылауға түрткі болды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға жауапкершілікті күшейтетін заң да қабылданды. Алайда серігінің әңгіртаяғына төзіп, іштен тынып жүрген, кейбірі өз құқын қалай қорғауды да білмейтін әйел әлі де көп дейді мамандар. Кейде жағдай әбден ушығып, ауыр салдарға апарып соққанда ғана өзгелер назар аударады.
Қазақстанда қазір бұрынғы ҰҚҚ төрағасы, қорғаныс министрі, әділет министрі, мәдениет министрі және бірсыпыра вице-министр түрмеде отыр. Әртүрлі дәрежедегі әкімдер, тіпті премьер-министр абақтының дәмін татып қайтты. Азаттық талдауы олардың көбі мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығатынын көрсетті.
Тарихи деректер бойынша, Қазақстанда 1929-1931 жылдар аралығында совет билігі мен ұжымдастыруға қарсы бес жүзден аса көтеріліс болып, жүз мыңнан астам адам қатысқан. Соның 25-і – қарулы көтеріліс болды дейді тарихшы Тұрғанбек Алланиязов. Совет өкіметі көтерілісті аяусыз басып-жаншып, оған қатысқандарды атып, түрмеге қамап, жер аударған. Бұл көтерілістер әлі толық бағасын алған жоқ дейді ғалым.
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылының тұрғындары құқық қорғау органдарынан қысым көріп жатқанын айтады. Олар алтын өндіретін фабрика құрылысын тоқтатуды талап еткеннен кейін полиция ауылдағы белсенділерді жауапқа алған, кейбірін қамаған, біреуінің үйін тінткен. Азаттық сөйлескен адамдар осы оқиғадан кейін "ауылды үрей биледі" дейді.
Жақында Маңғыстау облысында бүкіл күштік құрылымдардың басшылары мен облыс әкімі аяқ астынан қызметтен алынды. Елдегі наразылық ошағына айналған өңірдегі кадр жаңарту немен байланысты болуы мүмкін?
Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне көшу төңірегіндегі дау әлі басылар емес. Бұрынғы сағат белдеуін кері қайтаруды талап еткендер петиция жариялаған. Қазір оған 35 мыңнан астам адам қол қойған.
Павлодар облысы Майқайың кенті маңындағы "Шанхай" ауданының халқы өздерін көшіруді биліктен талап етіп отыр. Олар қаңтардың басында қаза тапқан құтқарушылар мінген автобус секілді өз үйлері де жер астында қала ма деп қорқады. Тұрғындар өтінішіне әлі күнге ешкімнен мардымды жауап болған жоқ.
80 жыл бұрын Совет өкіметі қарашай, шешен, ингуш және балқар халықтарын неміс нацистерімен ауыз жаласты деп айыптап, Солтүстік Кавказдан депортациялады. Қазақстанда тұрып жатқан олардың ұрпақтары атамекенін және аштықтан әрең аман қалған ата-баба тарихын жадында сақтаған.
Қазынадан жарты миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп, күрделі жөндеуден өткен Оралдағы "Шаңырақ" жасөспірімдер үйінің жағдайына тұрғындарының – балалар үйі түлектерінің көңілі толмайды. Бірнеше ай бойы уақытша баспана жағалап, үйіне оралған олар енді ыңғайсыз бөлмелерде тұруға мәжбүр.
Тағы