Жақында Маңғыстау облысында бүкіл күштік құрылымдардың басшылары мен облыс әкімі аяқ астынан қызметтен алынды. Елдегі наразылық ошағына айналған өңірдегі кадр жаңарту немен байланысты болуы мүмкін?
Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне көшу төңірегіндегі дау әлі басылар емес. Бұрынғы сағат белдеуін кері қайтаруды талап еткендер петиция жариялаған. Қазір оған 35 мыңнан астам адам қол қойған.
Павлодар облысы Майқайың кенті маңындағы "Шанхай" ауданының халқы өздерін көшіруді биліктен талап етіп отыр. Олар қаңтардың басында қаза тапқан құтқарушылар мінген автобус секілді өз үйлері де жер астында қала ма деп қорқады. Тұрғындар өтінішіне әлі күнге ешкімнен мардымды жауап болған жоқ.
80 жыл бұрын Совет өкіметі қарашай, шешен, ингуш және балқар халықтарын неміс нацистерімен ауыз жаласты деп айыптап, Солтүстік Кавказдан депортациялады. Қазақстанда тұрып жатқан олардың ұрпақтары атамекенін және аштықтан әрең аман қалған ата-баба тарихын жадында сақтаған.
Қазынадан жарты миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп, күрделі жөндеуден өткен Оралдағы "Шаңырақ" жасөспірімдер үйінің жағдайына тұрғындарының – балалар үйі түлектерінің көңілі толмайды. Бірнеше ай бойы уақытша баспана жағалап, үйіне оралған олар енді ыңғайсыз бөлмелерде тұруға мәжбүр.
Семейде көшені жарықтандыру мәселесі төңірегінде тағы да дау шықты. Жергілікті қоғам белсенділері "орнатылған шамның көбі адам өміріне қауіпті" десе, әкімдіктегілер "ақаудың бәрін түзеттік, қорқатын дәнеңе жоқ" деп отыр.
Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үкіметтен құлаған үйдің әр шаршы метрін 400 мың теңгеден бағалап, өтемақы төлеуді сұрайды. Билік өкілдері үйдің шаршы метрін 200-240 мың теңгеден бағалап өтемақы есептеуге дайын екенін айтады. Тұрғындар арасында бұған көнбейтіндер де, келісетіндер де бар.
Ауыл шаруашылық жерлердің сапасы төмендеп, мал моласын су шайып, өтемақы мәселесі шешілмей тұр. Көктемде Қазақстанның бірнеше өңірін су басқаннан кейінгі жағдай осындай. Қазақстандық шаруаның жайы не болады? Ел ғаламдық климаттың өзгеруіне қалай бейімделуі керек? Азаттық осы және өзге де сұрақтарды экология және ауыл шаруашылығы саласындағы сарапшылармен талқылады.
Қазақстанға Қытайдың бақылау камераларынан қауіп бар ма? Олардың ең танымалы – Hikvision мен Dahua камералары елге қаншалық көп келіп жатыр? "Сергек" жүйесінің Қытай компаниясынмен қандай байланысы бар? Бейнебақылау саласындағы ақпараттық қауіпсіздік туралы Азаттық сараптамасын көріңіз.
Әлемдік бейнебақылау камералары нарығында Қытайдың технологиялық компаниялары үлкен үлеске ие. Олардың негізгісі – Hikvision мен Dahua Technology. Бұл екі компания әлемнің басқа елдері сияқты Қазақстанда да кеңінен қолданылады. Кейбір Батыс елдері оларды пайдалануға ішінара шектеу қойған.
Тағы