Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Азия елдері қаламгерлерінің алғашқы форумына бюджеттен 281 миллион 35 мың теңге (726 мың доллар) бөлінген. Бұл қаржы жайлы ақын-жазушылар не дейді?
Қазақстандық суретші Арыстанбек Шалбаев Алматыда өтіп жатқан "Мөр" деп аталатын жеке көрмесінде елдегі әлеуметтік-саяси жағдай, рухани құндылықтар және адам тұрмысы туралы ой-толғамдарын түрлі жолдармен жеткізеді.
72-ші Канн кинофестивалінің бағдарламасында Қырым татар режиссері Нариман Әлиевтің бес жыл бұрын Ресей аннексиялап алған Қырымдағы оқиғалар жайлы сыр шертетін «Оралу» деп аталатын толық метражды фильмі де бар.
Ресейдің "Первый канал" арнасы "Голос Дети" шоуының нәтижесін жарамсыз деп жариялады. Кибершабуылдарды анықтаумен айналысатын Group-BI халықаралық компаниясы дауыс беру кезінде "ереже бұзылғанын анықтаған".
Алматы қаласы аумағындағы Верный бекінісіне биыл 165 жыл толады. Белсенділер бекіністен қалған кейбір тарихи ғимараттар жойылып барады деп алаңдайды. Алматы қаласы мәдениет және құрылыс басқармасының өз уәжі бар.
Сәуірдің 5-інен бастап Алматыдағы Artmeken заманауи өнер галереясында алматылық танымал суретші әрі мүсінші Шамиль Гулиевтің «Көпвекторлық: шенеуніктер мен суретшілер өмірінен» атты көрмесі өтіп жатыр.
Басты рөлді қазақстандық актриса сомдаған, Мәскеудегі қырғызстандық еңбек мигрантының ауыр өмірі жайлы баяндайтын "Айка" фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетіле бастады. Азаттық тілшісі "Айканы" көрермендермен бірге көріп, олардың пікірін біліп қайтты.
Алматыда қазақстандық суретші Сәуле Сүлейменованың көрмесі ашылды. Көрмеде қойылған туындылар Қазақстан тарихындағы қасіретті кезеңдер – 1930 жылдардағы ашаршылық, сталиндік репрессия мен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған.
Қазақстан кинематография туралы заңы қабылданды. Ел аумағында қандай фильмдерді көрсетуге рұқсат берілмейді? +21 санатындағы фильмдер қай уақытта көрсетіледі. Заңның маңызды тұстарын шолып шықтық.
Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмі "Үздік шетелдік фильм" санатында "Оскар" сыйлығын алуы мүмкін бе?
Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында алматылық суретші Алексей Уткиннің "Мен әр қырлымын" ("Я такой разный") атты жеке көрмесі ашылды.
Тағы