Қазақстандық балалар жазушысы Аделия Амраева елде кітап шығару қиын екенін айтады. Алматы баспаларының бірі бас тартқан соң ол кітаптарын Ресейде бастыртып жүр.
Францияның Канн қаласында 68-халықаралық кинофестиваль өтіп жатыр. Биыл онда қазақстандық жеті фильм конкурстан тыс көрсетілмек.
Досхан Жолжақсынов түсірген «Құнанбай» фильмінің премьерасы 12 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында өтпек. Азаттық киноның режиссері, әрі бас рөлдегі актерінен сұхбат алды.
Прокатқа енді ғана шыққан «Регион 13» криминалдық драмасы шетел агенттерімен күреске тіпті қылмыс әлемінің «басшысына» дейін кірісіп кететін «Қазақстанда бәрі бақылауда» дегенді меңзейтін сарында түсірілген.
Азаттықтың Қырғыз қызметіне сұхбатында әнші Әділ Чекилов сәуірдің 28-і күні 52 жасында дүние салған қазақстандық музыкант Батырхан Шүкеновтың Қырғызстанда танымал болуының сырын айтты.
Бүгін түнде Мәскеу қаласында белгілі әнші Батырхан Шүкенов қайтыс болды. Ол 53 жасқа сәл ғана толмай өмірден кетті. Ол туған елі мен Ресейде танымал әнші болған.
Азаттықтың Тәжік қызметіне Мәскеу қаласынан берген сұхбатында Чулпан Хаматова режиссерді әлемдік даңққа бөлеген фильмнің қалай түсірілгенін еске алды.
Чехия археологтары Ирактың Мосул қаласында тарихи жәдігерлерді қиратқан «Ислам мемлекеті» тобы келтірген зардап көлемін анықтауға кірісті.
Тұрғындары талып қала беретін Березовканың ахуалы деректі фильмге де арқау болды. Батыс Қазақстандағы бұл ауылдың халқы балаларының денсаулығы нашарлап бара жатқанын айтады.
Ресейде «тарихи фактілерді бұрмалады» деп кинопрокаттан алынған фильм Қазақстанда да көрсетілмейтін болды. Қазақстандық кинопрокат өндірісімен шұғылданатын компания «бұл - құқық иесінің шешімі» дейді.
Азаттық сайты 15 сәуірде кинорежиссер Сергей Әзімовпен онлайн-конференция өткізді.
Ресейде тұратын ұлты қазақ белгілі архитектор Тотан Күзембаев «Астана ұлттық колоритінен айырылған, қала салу кезінде климаттық ерекшеліктер ескерілмейді» дейді.
Тағы