Accessibility links

Сот Алексей Навальныйдың адвокаттарына түрме жазасын берді


RUSSIA-COURT-NAVALNY-LAWYERS-TRIAL
RUSSIA-COURT-NAVALNY-LAWYERS-TRIAL

Ресейдің Владимир облысындағы Петушинский сотында оппозиционер Алексей Навальныйдың бұрынғы үш адвокаты – Вадим Кобзев, Алексей Липцер және Игорь Сергунинге үкім оқылды.

"Экстремистік ұйымға қатысты" деп айыпталған адвокаттарды сот кінәлі деп таныды. Ресейде Навальныйдың жемқорлықпен күрес қоры мен оның аймақтық бөлімшелері "экстремистік ұйым" деп танылған.

Вадим Кобзевге – 5,5 жыл, Алексей Липцерге – 5 жыл, Игорь Сергунинге 3,5 жыл түрме жазасы берілді. Оларға үш жылда адвокат қызметімен айналысуға да тыйым салынды деп жазды "Медиазона".

Адвокаттар 2023 жылдың 13 қазанынан бері тергеу изоляторында қамауда отырған. Тергеу болжамынша, олар "өздерінің статустарын пайдаланып", түрмедегі Навальныйдың хаттарын әріптестеріне жеткізіп отырған. Тергеушілердің пікірінше, бұл Навальныйға "экстремистік ұйымның қызметін түрме ішінде де жалғастыруға" мүмкіндік берген.

  • Бұл үш адвокаттың ісі бойынша тағы екі адвокат: Александр Федулов пен Ольга Михайлова да күдікке ілінген. Олар Ресейден кетіп үлгерген, сот оларды сырттай қамауға алған. Сергуниннен басқасы өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарады.
  • Процесс Петушинский сотында өтті, себебі сол ауданда 2022-23 жылдары Навальный түрмеде болған. Қорғау жағы істі Мәскеуге ауыстыруды сұраған, алайда өтініштері орындалмады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG