16 қаңтар Ақтөбенің тергеу соты "адамдарды кепілге алу" және "кісі өлтіру" қылмысына күдікті ретінде ұсталған азамат Б.-ны екі айға қамауға алуға санкция берді. Оны полиция бірнеше күн бұрын Ақтөбеде кепілге алынған адамдарды босату операциясы кезінде қолға түсірген.
Ақтөбе полициясының хабарлауынша, күдікті кепілге алған адамдарды босатуды бас тартқан соң, арнайы операция жүргізіліп, кепілге алынған әйел босатылған. Жертөледе сол әйелдің пышақтан жараланған ата-анасы табылған. Құтқарылғандардың екеуі кейін қайтыс болған.
Қазақстанда былтыр "ірі мөлшердегі есірткі тектес затты өткізу мақсатында алды, сақтады және тасыды" деген айыппен мыңнан аса адам сотталған. Олардың жартысынан көбі 16-29 жас аралығындағы жастар, көбі 10-15 жыл түрме жазасын алған.
Әлеуметтік желіде адам метапневмовирусы жайлы түрлі дерек тарап жатыр. Бірақ арасында шындыққа жанаспайтыны көп дейді дәрігерлер. Үкімет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеп, алаңдауға негіз жоғын айтты. Метапневмовирус деген не? Одан қауіп бар ма? Азаттық жауап іздеп көрді.
Қазақстанды қазір "Штрафстан" деп атап жүр. 4 желтоқсан күні "Ақ жол" партиясының мүшесі, мәжіліс депутаты Азат Перуашев шенеуніктер айыппұлды желеу етіп елді тонап отыр деп айыптап, "Штрафстан құрып жатыр" деп мәлімдеді. Азаттық мұның жай-жапсарын сараптап көрді.
2022 жылғы Қанды қаңтар оқиғасына үш жыл. Жақынынан айырылғандардың жан жарасы әлі жазылмаған. Кемі 238 адам қаза тапқан оқиғаны билік ұмытқысы келетіндей, арнайы еске алу іс-шарасын ұйымдастырмады. Алайда қазақстандықтар әлеуметтік желіде флешмоб өткізіп жатыр. Қаңтар шындығы ашылды ма?
Алматының экономикалық соты Іле Алатау ұлттық паркімен шектесетін, 20 жыл жалға алынып, кейін жеке меншікке өтіп кеткен 846 гектар жерді мемлекетке қайтаруға пәрмен берді. Жерге иелік етіп отырған отставкадағы генерал Павел Новиков сот әділетсіз әрі заңсыз шешім шығарды дейді.
Ақтөбеде тұратын Бақытхан Жанша студент кезінде 1986 жылы желтоқсанда Алматы орталығында наразылыққа қатысқан. Әйел Желтоқсан қатысушысы екенін сот арқылы таяуда ғана, 38 жылдан кейін дәлелдеп отыр. Бұған дейін «дәлел жоқ» арызын мақұлдамай келген.
Ақтау маңына құлаған Әзербайжан әуе компаниясының ұшағында болған 67 адамның 38-і қаза тапты. Олардың арасында Қазақстанның алты азаматы бар. Аман қалған 29 адам ауруханаға түскен.
Қазақстанның шығысында орналасқан Өскемен қаласында қазір сағат 15:30-да күн батады. Бұл былтырғы жылдан бір сағатқа ерте. Көктемде үкімет жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында тұрған елдің барлық өңірін бір уақыт белдеуіне ауыстырған.
Тағы