Қазақстанда шетелдік азаматтар уақытша тұруға рұқсат алу үшін қазақ тілінен тест тапсырып, В2 деңгейін растауы керек деген ақпарат тарады. Астана мұны ресми растаған жоқ. Дегенмен Қазақстан ақпанда уақытша тұруға рұқсат алғысы келетіндерден қазақ тілін бастапқы А1 деңгейін білуді талап ете бастаған.