2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза тапқан Руслан Қуаттың әйелі Айгүл Ахметжанова үкіметтен марқұм күйеуінің екі жылдық жалақысына тең өтемақы талап етіп сотқа жүгінді. Оған қоса жерлеу шығынын да өндіріп алғысы келеді. Төрт баласымен жесір қалған әйелдің арызын сот қанағаттандырмады.
Алматыдан АҚШ-қа жақсы өмір іздеп кеткен отбасының бастан кешкенінен шытырман фильм түсіруге болады. Отбасы азын-аулақ мүлкін сатып, бірнеше ел арқылы Америкаға жақындап, теңізді жүзіп өту үшін қайыққа мінеді. Бірақ жиырма мигрант мінген кішкентай қайықты толқын аударып жіберген. Бірнеше сағат ашық теңізде бөшкеге жармасып, бір үйлі жан әрең тірі қалады. "Енді қайыққа отырмаймын" дейді үйдің бес жасар кенжесі.
18 шілдеден бастап режиссер Асхат Кучинчерековтың "Бауырына салу" фильмі кинотеатрлардан көрсетіліп жатыр. Әке-шешесінен жырақта өскен баланың күйзелісін көрсеткен фильмнен көрермен әсерленіп шықты. Өзі де осы дәстүрмен ата-әжесінің қолында өскен фильм авторынан Азаттық сұхбат алды.
Оралда көктемгі су тасқыны кезінде баспанасыз қалған 1,5 мыңға жуық адам 4 айдан бері эвакуация пунктерінде — спорт залдар мен жатақханаларда тұрып жатыр. Көбі мемлекеттен үй немесе өтемақы беріле ме деген сұраққа жауап таба алмаған.
Қазақстанның солтүстігіндегі шағын ауыл католиктер тағзым ететін және депортация құрбандарын еске алатын мекенге айналған.
Көктемде болған тасқында Атырау қаласы маңында және Индер, Махамбет аудандарында ондаған шаруа қожалығын су басты. Қыстағы, жайылымы мен шабындық жері, үй-қорасы, егіні мен малы суға кеткен фермерлер шығынға қатты батты. Табыс көзінен айрылған шаруалар содан бері өтемақы талап етіп келеді.
Қазақстандық шенеуніктер шетелден келген көлікті қайта өңдеуге деп алынатын қымбат алымды арзандатуды ұсынған белсенділердің сөзін қабылдамайтын сияқты. Ал премьер-министр елді импортқа тәуелсіз "көлік державасы" болуға үндеді. Бірақ утилизация алымы мен қазіргі жағдайдан үлкен пайда көріп отырған көлік құрастыру зауыттарына қарсы қозғалыстың қарқыны күшті.
Мамырдың аяғында Алматы соты стендапер Нұрасхан Басқожаевты "көпшілік алдында балағат сөз айтқаны" үшін 15 күнге қамады. Әріптестері комик саясат пен жемқорлықты жиі әжуалағанына бола жазаланды деп біледі. Азаттық Central Stand Up Almaty сахнасында не болғанын анықтауға тырысып көрді.
Тағы