Accessibility links

Тамақ таситын курьерлер медициналық тексеруден өтуге тиіс


Мопед мінген курьер. Алматы, 18 наурыз, 2021 жыл.
Мопед мінген курьер. Алматы, 18 наурыз, 2021 жыл.

Қазақстанның сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті тамақ жеткізу қызметіне байланысты жаңа талаптарды бекітті.

Стандартқа сай, тағам таситын курьерде жеке медициналық кітапша болуға тиіс, онда медициналық тексеруден өтті деген белгі тұруы керек. Бұдан бөлек, курьер кәсіби гигиеналық дайындықтан өтуге тиіс.

Комитет төрайымы Жанна Есенбекованың сөзінше, мұндай стандарт тұтынушы сенімін арттырады.

"Бұл стандарт тағам жеткізу нарығындағы талаптардың ашықтығы мен бірізділігін қамтамасыз етеді, Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінің нығаюына ықпал етеді", – деді Есенбекова.

Жаңа талаптар 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді. Комитет бұл стандарт елдегі мейрамханалар, кафелер, логистика компаниялары мен курьерлердің тамақ жеткізу қызметінің сапасын арттыруды көздейді деді.

Қазақстан қалаларында курьерлердің көпшілігі мопед айдайды. Былтыр қазан айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мопедтерді тіркеуге міндеттейтін заңға қол қойған еді. Оған сәйкес, мопедтер міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Бұл норма биыл сәуірде күшіне енбек. Бұған қоса, мопед айдайтын жүргізушіде "А1" немесе "А" және "В" санаты бар жүргізуші куәлігі болуы шарт.

Алматыда "Glovo" курьерлері басшылыққа қарсы наразылыққа шықты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:59 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG