Мақтаралдағы диқандар әзер өсірген мақталарын терер кезде де қиналып жатқандарын айтады. Ал жергілікті билік «биыл мақта бітік шықты, шаруалардың еңбегі ақталады» деген пікірде.
Батыс баспасөзі скандинавиялық TeliaSonera компаниясының Орталық Азиядан біртіндеп кетуі жайлы шешімі мен көптен күткен Қашаған кенішін «қолайсыз кезде» іске қосқалы жатқаны туралы жазған.
Владимир Путинмен жақсы араласатын магнат және «сұр кардинал» Виктор Медведчук Украина саясатына жиырма шақты жыл бойы ықпал етіп келеді. Ресейшіл сепаратистермен бейбіт келіссөз өткізуге көмектескен адамды сыншылар «Түнек князы» деп атайды.
Тауарларын әлеуметтік желілер арқылы сататын қазақстандық кәсіпкерлерді салық төлеуге міндеттеді. Бірақ кей экономистер «бюджеттің жыртығын бұлай жамай алмайсың» деген уәжбен бұл амалдың тиімділігіне күмәнданады.
Экономист Меруерт Махмутова теңге бағамын «еркіне» жіберу туралы бір жыл бұрын қабылданған шешімді «кешікті» деп санайды. Сарапшы биліктің дер кезінде әрекет етпеуі кесірінен Қазақстан экономикасында «қайта қалпына келмейтін өзгерістер» болды деп санайды.
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің қызметінен кетуін талап еткен петицияны жариялаған сайт Қазақстанда ашылмай қалды. Онлайн-петиция жазушылар «премьер ел экономикасын әлсіретті» деп санайды.
Қарағандыда үлкен салтанатпен ашып, бірақ сол күйі бір де ұшақ шығармаған «ҚазАвиаСпектр» шағын ұшақтар жасайтын зауыты саудаға шығарылды. Бастапқы бағасы зауыт іске қосылған бес жыл бұрынғы құнынан арзан.
Украинадан шығатын тұтыну тауарларын сататын қазақстандық сатушылар ол елден өнімдер келмей жатқанын айтады. Ресми мәліметке сай, жарты жылда екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 40 пайызға жуық кеміген.
Көкшетаудағы кәсіпкерлер «Көкше-Қамқор» коммуналдық павильонын «бәсекелестік ортаға беруге» келіспейді. Олар «65 кәсіпкер жұмыссыз, ал сатып алушылар арзан өнімсіз қалады» деген уәж айтады.
Британдық New Statesman журналындағы «Орталық Азия тағамы неліктен матрешкаға ұқсайды?» атты мақалада белгілі ағылшын журналисі Кэролайн Иденнің «Самарқан – Орталық Азияға тағам сапары» кітабын сипаттаған.
Экономикалық дағдарыс кесірінен жұмыс берушілер мәжбүрлі түрде ақысыз демалысқа жіберген тәжікстандықтардың көбі әрі-сәрі. Олар "жұмыс беруші қайта жұмысқа шақырып қалар" деген үмітпен өтемақы талап етуге жүрексінеді.
Нұрсұлтан Назарбаев еңбек жолын бастаған қазақстандық Магниткада жұмыс істеген ресейлік саясаткер Олег Сосковец Теміртаудағы металлургиялық комбинатқа барып, жұмысшыларды «шыдауға» шақырды.
Тағы