Қазақстанның 12 облысында ауыл-аймақты су алып, 13 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның 5 мыңға жуығы — бала. Эвакуация орталықтарында әлі 6 жарым мың адам жатыр.
Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккен адамдарға жылу жинап, көмектесіп жатыр. Ірі қалаларда пункттер ашылып, тұрғындар киім, азық, гигиеналық заттар апарып, тапсырып жатыр.
Әлеуметтік желі қолданушылар тасқын су басқан өңірлердегі жағдай туралы видеоларды әлеуметтік желіде жариялап, ел шығынға батқанын жазып жатыр. Билік қауіп әлі сейілмегенін айтады. Президент екі айға жуық уақыт бұрын ғана өзі тағайындаған үкіметті сынап, елден кешірім сұрап, кезекті рет уәде берді.
Ақтөбе облысы Берсиев атындағы ауылдағы бөгетті тасқын су бұзып, жүздеген адам ауыл мектебін паналап, екі күн көмек күткен. 30 наурызда оларға үш тікұшақ пен төрт қайық барған құтқарушылар әуелі қарттарды, балалар мен жүкті әйелдерді әкеткен. Азаттыққа Берсиев ауылы тұрғындары жіберген суреттер.
Тағы