Accessibility links

Рим Папасы Ресей мен Украинаны барлық тұтқынды алмасуға шақырды


Рим Папасы Франциск. 31 наурыз, 2024 жыл.
Рим Папасы Франциск. 31 наурыз, 2024 жыл.

Ватикандағы Әулие Петр соборы балконынан халыққа Пасха мерекесіне байланысты үндеу жолдаған Рим Папасы Франциск өз сөзінде Ресей мен Украинаны барлық әскери тұтқынды алмасуға шақырды

87 жастағы Рим Папасы үндеуін Vatican News арнасы көрсетті.

Понтифик Газа секторындағы атысты дереу тоқтатуға, ол жаққа гуманитарлық көмек жеткізуге және былтыр қазанда ХАМАС тобы (АҚШ пен ЕО оны террористік ұйым таныған) тұтқынға алған израильдіктерді босатуға үндеді.

Ол Армения мен Әзербайжан арасында бейбіт келісім жасау мақсатын көздейтін диалог жалғасатынына сенім білдірді.

Рим Папасы қақтығыстар мен зорлық-зомбылықтан ең алдымен бейбіт халық, әсіресе балалар зардап шегетінін мәлімдеді.

29 наурыз, жұма күні Рим Папасы Франциск денсаулығына байланысты Пасха мейрамын Ватикандағы резиденциясынан бақылап отырды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG