Оралда саяжайларды су басып жатыр. Төтенше жағдай министрлігі өңірдегі ахуал әлі қиын екенін мәлімдеді. || Тасыған Жайық суы Атырауға айдың аяғында жетеді. Бұған тұрғындар алаңдайды. || Бишімбаев сотына ресейлік саяси белсенді, журналист Ксения Собчак неге келді? Оны кім шақырған?
Атырау іргесіндегі Сарыөзек ауылының тұрғындары бүгін қала әкімдігіне келді. Олар тасқын қаупі күшейген тұста елді мекенде судан қорғау жұмысы жүрмей жатқанын айтты. Жұрт тасуы мүмкін канал бойын бекітіп, топырақ үйіп қойған. «Бірақ арнайы техниканың көмегі керек» дейді.
Оралда бірнеше күннен бері қала іргесіндегі саяжайлар суға кетіп, мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ресми дерек бойынша, қазірге дейін 117 саяжайды су алған. Кейбір саяжай алабын осы айдың өзінде екінші рет су шайған. Шығынға баттық деген бір топ тұрғын бүгін тағы да әкімдікке жиналды.
Түркістан облысында 60 мыңға жуық адам тұратын Қарабұлақ деген ауыл бар. Елге үлкен мал базарымен танылған. Қазақстан үкіметінің 19 наурыздағы отырысында осы ауылға қала мәртебесін беру мәселесі сөз болды. Азаттық тілшісі Қарабұлаққа барып, жұрттан осы жайлы пікірін сұрады.
Батыс Қазақстан облысында тасқынның екінші толқыны жетіп, елді мекендер суға батып жатыр. || 20-21 сәуір күндері әлемнің бірнеше еліндегі қазақтар митинг өткізді. || Абақтыда аштық жариялап жатқан журналистер – Тілеужан мен Мұхаммедкәрімге қысым көрсетіліп жатыр деп мәлімдеді жақтастары.
Тағы