Майдан шебінде жалғыз қалып қойған украин сарбазын қазанның басында алғаш рет арнайы дронмен эвакуациялаған. 49 жастағы украиналық жауынгер Константин Власенко журналистерге сұхбат беріп, 10 айға жуық уақытта не көргенін айтып берді.
Ресей президенті Киев және Вашингтонмен бірге соғысты тоқтату бойынша келіссөз қайта басталады деп отыр. Бітімге келу туралы әңгіме басталғанын Украина басшысы да айтты. Оған қарамастан, Мәскеу Украина аумағын күн сайын бомбалап жатыр. Киев те қарсылық көрсетіп, Ресей аумағына дрон, зымыран ұшырды.
Украина президенті соғысты қазіргі майдан шебінде тоқтатып, келіссөз жүргізуге бейіл. Ол мұны Fox News телеарнасына айтты. Ал кеше АҚШ президентінің арнайы өкілі Ресейге барып, Владимир Путинмен жолықты. Стив Уиткофф Путинге Еуропа мен Украинаның соғысты аяқтау бойынша ұсыныстарын ала барған.
Тағы