Accessibility links

Румыния мен Болгария Шенген аймағына қосылды, бірақ оларда шектеу бар


Болгария мен Румыния 31 наурызда ресми түрде Шенген аймағына қосылды, дегенмен әлі толыққанды мүшесі болған жоқ.

Осы екі мемлекеттен Шенген аймағының басқа елдеріне әуе немесе су көлігімен кіру және шығу кезіндегі шекара бақылауы жойылады. Еуроодақтың басқа елдерімен құрлықтағы шекарадағы бақылау біраз уақыт өзгермейді, оны алып тастау туралы шешімді Еуропа Одағының кеңесі қабылдауы керек. София мен Бухаресте мұны жыл аяғына дейін болады деп отыр. Австрия қазір бақылауды алып тастауға қарсы болып тұр. Келіссөздер жалғасып жатыр деп айтылды.

Былтырғы жылдың аяғында Еуроодақ осы екі елді Шенген аймағына қосуды мақұлдаған. 31 наурыздан бастап Болгария мен Румыния Еуроодақтың басқа елдерімен бірдей ереже бойынша Шенген визасын бере алады.

Еурокомиссия басшысы 31 наурызды "әлемдегі ең үлкен еркін қозғалыс аймағы – Шенген аймағы үшін тарихи сәт" деп атады.

Шенген аймағында әдетте ішкі шекараларда бақылау болмайды, бұл аймаққа 29 ел кіреді – ЕО құрамындағы (Кипрден басқа) барлық елдер, сонымен қатар Исландия, Норвегия және Швейцария бар.

2007 жылы Болгария мен Румыния Еуроодақ мүшесі болып, құрамына енген.

Еурокомиссия 2011 жылы бұл екі мемлекетті Шенген аймағына қосуға дайын екенін мәлімдеген, бірақ ЕО-ға мүше кей ел бұл шешімге 12 жыл бойы тосқауыл қойып, мұны Болгария мен Румыниядағы сыбайлас жемқорлықпен және шекараны қорғау мәселесімен байланыстырған. Австрия мен Нидерланд заңсыз мигранттар көбейіп кетеді деп қауіптенген.

Венгрия Болгарияның Шенген аймағына кіруіне қарсы болды. Желтоқсанда Будапешт қарсылығын тоқтатты. Бұған дейін София Ресей газының транзиті үшін төлем алуды Венгрия билігінің қысымымен доғарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG