Accessibility links

БҚО-да тасқынмен күрес кезінде құтқарушыға пышақ салған


Ақтөбе өңіріндегі тасқын.
Ақтөбе өңіріндегі тасқын.

Батыс Қазақстан облысында 26 жастағы құтқарушыны пышақтаған. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі деп хабарлады.

Оқиға Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болған.

"Қараөзен өзені жағасында тасқынға қарсы іс-шара кезінде жергілікті тұрғындарға көмектесіп жүрген азаматтық қорғаудағы 1998 жылы туған сержант жараланды. Кеуде жағында екі жарақат алған, оны аудандық ауруханаға жеткізді. Науқас дәрігерлер бақылауында" деді министрлік.

Қауіпсіздік органдарының мәліметінше, шабуыл жасаған адам табылған, оның мас болғаны айтылды. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан пышақты тауып, оны алып кеткен. ТЖМ "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

  • Қазақстан билігінің мәліметінше, су тасқыны елдің 10 өңірінде болған, бірқатар өңірде төтенше жағдай жарияланды. ТЖ режимі Орал және Батыс Қазақстан облысының төрт ауданында енгізілді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG