Қоғам қайраткері Хасен Оралтай 2001 жылы Азаттыққа сұхбатында әйелдің қоғамдағы орны және көп әйел алу туралы ойларын ортаға салған. Елде 2010 жылы тұрмыстық зорлықтан орта есеппен жылына 500 адам қаза табатыны есептелген.
Ауғанстаннан туристік визамен келіп, қандас куәлігіне қол жеткізген этникалық қазақ Сәми Ата Ғұл Қазақстаннан депортацияланбақ. Оны сот "көші-қон заңын бұзды" деген. Атамекенде қалғысы келетінін айтқан Сәми Ата Ғұл Ауғанстанға қайтқысы жоқ.
Қазақстанда тасқын қаупі қайта күшейді. Ақтөбеде екінші бөгет жарылып, Атырауда Құлсары қаласын су алып жатыр.
Ақтөбе облысында екінші бөгет жарылды. Қала әкімі қауіпті аймақтағы тұрғындардан кетуді сұрады. Астананың іргесіндегі ауылдарға тағы да су келе бастады. Ал Ресейден су келіп жатқан Батыс Қазақстан мен Атырауда жағдай қиындап барады.
Солтүстік өңірлерге көшті ынталандыру мақсатында үкімет берген тұрғын үйлердің сапасына шағым айтатындар көп. Жергілікті билік олқылық барын мойындайды. Сарапшылар әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды іске асыруда ашықтық жоқтығы мәселенің ушығып кетуіне жиі себеп болады дейді.
Қазақстанды көктемде су басады, жазда керісінше елге су жетпейді. Тасқын мен қуаңшылықтан құтқаратын технология бар ма? Көктемгі қар суын пайдаланып, жаздағы қуаңшылықтың алдын алуға бола ма? Қарғын суды қалай басқарамыз? Eco Kundelik-те осы сұрақтарға жауап іздейміз
Жұрт назарын бұрған Қуандық Бишімбаев ісінде марқұм Салтанат Нүкенованың телефоны тексерілді. Процесте тағы не айтылды?
Тағы