13 қарашаға қараған түні Украинаның барлық облысына әуе шабуылы жасалды. Елде кейінгі үш айдағы босқындар саны 170 мыңға жетті. Ал Ресейдің Курск облысында Солтүстік Кореядан көмекке келген әскер соғысқа араласа бастады. Соғыстағы жағдайды шолып шықтық.
Ресей Украинаның Кривой Рог қаласын ракетамен шабуылдап, бір әйел мен оның үш баласы қаза тапты. Ал Донбасстағы соғыс жақындап қалған Лиман қаласы қыс мезгіліне дайындалып жатыр. Зеленский Трамп үшін "жеңіс жоспарын" толықтырды. 11-12 қарашадағы жағдайды шолып шықтық.
АҚШ президентігіне сайланған Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің телефон арқылы сөйлескені айтылды. Бұған қоса, Трамптың кеңесшісі "Қырымды қайтару мүмкін емесін"меңзеді. Ресей мен Украина бір-бірінің қалаларына дрондармен ауыр соққылар жасады.
Ресей мен Украина арасындағы соғыстың түбі көрінер емес. Алайда АҚШ президенті болып Дональд Трамптың сайлануы тараптарды бейбіт келісім жасауға итермелеуі ықтимал.
8 қарашаға қараған түнде Ресей Украинаның бірнеше қаласына әуеден шабуыл жасады. Запорожьде шабуылдан 9 адам қаза тапты, біреуі – бала. 15 адам жараланды. Ал Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трампты құттықтап, оны "батыл адам" деп атады.
Трамп соғысты 24 сағатта аяқтай аламын деген. Украиналық сарапшы "Трамп соғыста Ресейдің шарттарына келіссе, АҚШ-тың да жеңілгені" деп санайды. Ал ресейлік сарапшы "Трамп Мәскеудің айтқан шартының бәріне келісе бермейді" дейді. Дональд Трамп Украинаға көмектесе ме?
Солтүстік Корея Ресейге көмек ретінде жіберді деген әскердің соғысқа дайындығы жайлы пікір көп. Бірақ олар біліктілігі төмен болған күннің өзінде қалың қол болып майданға араласса, Украина қорғанысын бұзуға септігін тигізуі мүмкін.
Қазан айында Ресей 695 әскери техникасынан, Украина 276 әскери техникасынан айырылғаны айтылды. Солтүстік Корея сыртқы істер министрі Мәскеуде Путинмен кездесті.
Азаттық радиосы Орыс қызметінің зерттеу жобасы 2022 жылғы 7 наурыздағы келіссөзде Ресей ұсынған шарт құжатын қолға түсірді. Соғыс басталғалы 11-ақ өткен бұл кездесуде Мәскеу шарты орындалса, Украина Батыс көмегіне арқа сүйей алмайтын, әлжуаз әскері бар әлсіз мемлекетке айналар еді.
Украинаның Донбасс аймағындағы кескілекен шайқас жалғасып жатыр. Украина әскерінің бас қолбасшысы "Ресейдің ең ауыр шабуылына тойтарыс беріп жатқанындарын" айтты. Оңтүстік кореялық дипломат Ресей КХДР солдаттарына "екі мың доллар айлық төлейді" деп топшылайды.
Ресей әскері Донбасста қатты екпінмен алға жылжып келеді. Қазір олар Курахово қаласына тақап қалды. Ал Украина әскері адам жетпесе де бұл қаладағы қорғанысты шамалары келгенше ұстап тұр. Әскери сарапшы Украина Донбасста нақты шешім қабылдамаса, жағдай қиындайды дейді.
Ресейдің авиабомбасы Харьковтағы тұрғын үйге түсіп, бейбіт тұрғындар зардап шекті, бір бала қаза тапты. Солтүстік Кореяның соғыста Ресейге көмектесуі АҚШ пен Оңтүстік Кореяны алаңдатады. 31 қазандағы жағдайды шолып шықтық.
Тағы