Ресей кейінгі бір айда Украинаның 500 шаршы шақырым жерін жаулап алды. Американың соғысты зерттеу институты орыс әскері соғыстың бастапқы кезіндегі екпінін “қайта жинап алғанын” хабарлады. Іргесіне жау таяған Украина қалаларындағы ахуал ушығып тұр.
Ресей әскері бір аптада Донецк облысында 200 шаршы шақырым жерді басып алды. Украина депутаты Азаттыққа "әскеріміз дәл қазір жеңіліп жатыр, бірақ соғыста толық жеңілдік деуге келмейді" деп мәлімдеді. Ресейдің Харьков қаласына шабуылынан төрт адам қаза тапты. 29 қазандағы ахуалға шолу.
Ресей Донбасстағы Селидово қаласын басып алғаны айтылды. Ал Селидовоға жақын жатқан Покровск қаласына Ресей әскері жақындап келеді. Украина Ресейдің спирт зауыттарына тағы да шабуыл жасады.
Ресей әскері Донбасстағы маңызды қаланың бірі Селидовоны алғанын айтып жатыр. Ресей президенті Путин Курскіде Украинаның екі мың солдаты қоршауда қалды дейді. Бірақ әскери сарапшы оның бұл сөзіне сенбейді. Путин Мәскеу келіссөзге дайын болғанынын, бірақ Киев бас тартқанын айтады.
Ресей әскері Донбасстағы Селидово қаласын қоршауға алғаны айтылып жатыр. Курск облысында шайқасып жатқан «Ахмад» басшысы Апти Алаутдинов «ресейлік әскерилер адам зорлап, адам өлтіріп жатыр» дейді. Курск облысынан эвакуацияланған ресейліктер жақындарын іздеп жүр.
Татарстан астанасында БРИКС саммиті өтіп жатыр. Ұйымға мүше тоғыз мемлекетті қосқанда жиынға 36 елдің ресми өкілдері қатысып отыр, олардың арасында БРИКС құрамына кіруге асықпайтын Қазақстан президенті де бар. Бұл саммит несімен маңызды? БРИКС-тің әлемдік геосаясаттағы рөлі қандай?
Украинаның Донбасс аймағында Азаттық тілшілері ракета шабуылынан аман қалды. Украинада әскерге бармас үшін мүгедектік алу шуынан соң бас прокурор қызметтен кетті.
Украина Ресейдің бірнеше спирт зауытына шабуыл жасағаны айтылды. Солтүстік Корея сарбаздары Украинадағы соғысқа аттанып жатыр деген ақпарат көбейді, Кремль мен Пхеньян мұны жоққа шығарады.
Ресей Украинаға қарсы бастаған соғыста сарқылған күшін толтырып, әскер қатарын мобилизациясыз жаңартуға барын салып жатыр. Билік түрмеде жазасын өтеп жатқан я тергеуде отырған адамдарды жаппай майданға жөнелтуді жолға қойған. Қосақ арасында кетіп жатқан көптің ішінде Ресейге Орталық Азиядан барған мигранттар да аз емес
Ресей Донбасстағы Покровск қаласына шабуылды үдетіп жатыр. Қазір Украина осы аудандағы Курахово қаласының тұрғындарын эвакуациялауға көшті. Бұған қоса, «Солтүстік Корея солдаттары Ресейде жүр» деген видеолар жариялана бастады.
Украина президенті Владимир Зеленский жариялаған жеңіс жоспары туралы Батыс елдері реакция білдірді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та екі елді келісімге келтіру туралы көзқарасын айтты. Ресей Украинаның бірнеше қаласына әуеден соққы берді.
Украина билігі Харьков облысындағы бірнеше елді мекен халқын басқа жаққа көшуге шақырды. Облыс басшылығы «әскери жағдай қиындағанын» айтады. Ал Украина президенті Киевтің Жеңіс жоспарын таныстырды. Жоспардың бірінші бөлімінде Украина соғыс аяқталғанға дейін НАТО-ға шақырту алуы керек деп жазылған.
Тағы