25 қарашада Ресей мен Украина бір-бірін атқылаумен болды. Украинаның хабарлауынша, Ресей 145 дронмен шабуылдаған, ал Ресейдің хабарлауынша, Украина баллистикалық зымыран ұшырған. Ресей күштері сондай-ақ Курск облысында Ұлыбритания азаматын тұтқынға түсіргенін мәлімдеді.
Украина қарулы күштері Днепр қаласына түскен ресейлік "Орешник" ракетасын көрсетті. Украина ракетамен Курск облысына соққы жасағаны айтылды. Трамп Украинадағы соғысты қалай аяқтау жолын "ойластырып жатыр". Соғыстағы 24-25 қараша күнгі ахуалды шолып шықтық.
Биыл қыркүйекте ресейлік белсенді, 19 жастағы Павел Владимировтің Қазақстанда ұсталғаны өткен аптада ғана мәлім болды. Украинадағы соғысқа қарсы белсенді Ресейден тамызда кеткен, оған террористік ұйым жұмысын ұйымдастырды деген айып тағылған. Бұған украиналық қызбен хат алмасуы себеп болса керек.
22 қарашаға қараған түні Ресей президенті Владимир Путин телеүндеу жолдап, Украинаның Днепр қаласына “Орешник” дейтін жаңа зымыранмен шабуылдағанын айтты. Сарапшылар мұны Батысқа сес көрсету деп бағалап отыр.
Ресей президенті Владимир Путин бейсенбіде елдің қарулы күштері орта қашықтыққа ұшатын жаңа баллистикалық қару түрімен Украинаға шабуылдағанын мәлімдеді. Ол мұны "америкалық және британдық алысқа ұшатын қаруды" пайдаланған Киевтің әрекетіне қарымта деп атады. Осыдан кейін Қазақстан билігі "Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты" елдегі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін күшейту қажеттігін айтты.
Reuters агенттігі Ресей президенті Владимир Путин соғысты доғару үшін келіссөз бастауға дайын екенін жазды. Бірақ, ақпаратқа қарағанда, ол басып алған жерін қайтарғысы келмейді. Украина АҚШ-тың зымыранымен Ресейдегі әскери қойманы жойды.
Ресей әскері Бучаға басып кіргенде дүкенші Алексей Побегай қорғаныс еріктісіне айналды. Басқыншылар шегінгенде, Побегайдың мәйіті табылды. Азаттық қолға түскен телефон әңгімелері, бұрын жарияланбаған құжаттар мен видеолар, куәгер айғақтарына сүйеніп, марқұмның өмірі мен өлімі жайлы фильм әзірледі.
Ресей Украинаны Каспий теңізінен де атқылап жатқанға ұқсайды. Рас болса, теңіздің бұлай қолданылуы қисапсыз кісі қазасымен бірге экологиялық апатқа да себеп болуы мүмкін.
Батыс басылымдары АҚШ президенті Джо Байден Украинаға ATAMCS ракетасымен Ресей аумағын атуға рұқсат берді. Ресейдің Сумы қаласына шабуылынан балалар қаза тапты. 17-18 қарашадағы жағдайды шолып шықтық.
Байден әкімшілігі Украинаға Ресей аумағын АҚШ қаруымен атқылауға рұқсат берді деп хабарлады бірнеше халықаралық баспасөз құралы. Бұл қадам Ұлыбритания, Франция және Германияға осыған ұқсас шешім қабылдауға жол ашады. Бірақ енді майданда қандай өзгеріс болатыны Украинаға берілген қару қорына тәуелді.
Украинадағы соғыста Ресей басымдыққа ие болып, Киевпен ықтимал бейбіт келіссөздер алдында әскери жетістіктерін бекітіп алуға тырысып жатыр.
Ресей Киевпен болуы мүмкін келіссөз қарсаңында Украина майданындағы белсенділігін күшейтіп жатыр.
Тағы