8 қарашаға қараған түнде Ресей Украинаның бірнеше қаласына әуеден шабуыл жасады. Запорожьде шабуылдан 9 адам қаза тапты, біреуі – бала. 15 адам жараланды. Ал Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трампты құттықтап, оны "батыл адам" деп атады.
Трамп соғысты 24 сағатта аяқтай аламын деген. Украиналық сарапшы "Трамп соғыста Ресейдің шарттарына келіссе, АҚШ-тың да жеңілгені" деп санайды. Ал ресейлік сарапшы "Трамп Мәскеудің айтқан шартының бәріне келісе бермейді" дейді. Дональд Трамп Украинаға көмектесе ме?
Солтүстік Корея Ресейге көмек ретінде жіберді деген әскердің соғысқа дайындығы жайлы пікір көп. Бірақ олар біліктілігі төмен болған күннің өзінде қалың қол болып майданға араласса, Украина қорғанысын бұзуға септігін тигізуі мүмкін.
Қазан айында Ресей 695 әскери техникасынан, Украина 276 әскери техникасынан айырылғаны айтылды. Солтүстік Корея сыртқы істер министрі Мәскеуде Путинмен кездесті.
Азаттық радиосы Орыс қызметінің зерттеу жобасы 2022 жылғы 7 наурыздағы келіссөзде Ресей ұсынған шарт құжатын қолға түсірді. Соғыс басталғалы 11-ақ өткен бұл кездесуде Мәскеу шарты орындалса, Украина Батыс көмегіне арқа сүйей алмайтын, әлжуаз әскері бар әлсіз мемлекетке айналар еді.
Украинаның Донбасс аймағындағы кескілекен шайқас жалғасып жатыр. Украина әскерінің бас қолбасшысы "Ресейдің ең ауыр шабуылына тойтарыс беріп жатқанындарын" айтты. Оңтүстік кореялық дипломат Ресей КХДР солдаттарына "екі мың доллар айлық төлейді" деп топшылайды.
Ресей әскері Донбасста қатты екпінмен алға жылжып келеді. Қазір олар Курахово қаласына тақап қалды. Ал Украина әскері адам жетпесе де бұл қаладағы қорғанысты шамалары келгенше ұстап тұр. Әскери сарапшы Украина Донбасста нақты шешім қабылдамаса, жағдай қиындайды дейді.
Ресейдің авиабомбасы Харьковтағы тұрғын үйге түсіп, бейбіт тұрғындар зардап шекті, бір бала қаза тапты. Солтүстік Кореяның соғыста Ресейге көмектесуі АҚШ пен Оңтүстік Кореяны алаңдатады. 31 қазандағы жағдайды шолып шықтық.
АҚШ үкіметі жариялаған кезекті санкцияға қазақстандық Kazstanex компаниясы да ілінді. Ол Ресейге сатуға тыйым салынған жабдықты Еуропадан алып, Қытай арқылы тасымалдаған деген күдікке қалған. Азаттық мәселені компанияның өзінен сұрауға талпынғанымен, ол байланысқа шықпай қойды.
Ресей кейінгі бір айда Украинаның 500 шаршы шақырым жерін жаулап алды. Американың соғысты зерттеу институты орыс әскері соғыстың бастапқы кезіндегі екпінін “қайта жинап алғанын” хабарлады. Іргесіне жау таяған Украина қалаларындағы ахуал ушығып тұр.
Ресей әскері бір аптада Донецк облысында 200 шаршы шақырым жерді басып алды. Украина депутаты Азаттыққа "әскеріміз дәл қазір жеңіліп жатыр, бірақ соғыста толық жеңілдік деуге келмейді" деп мәлімдеді. Ресейдің Харьков қаласына шабуылынан төрт адам қаза тапты. 29 қазандағы ахуалға шолу.
Ресей Донбасстағы Селидово қаласын басып алғаны айтылды. Ал Селидовоға жақын жатқан Покровск қаласына Ресей әскері жақындап келеді. Украина Ресейдің спирт зауыттарына тағы да шабуыл жасады.
Тағы