Украинаның Донбасс аймағында Азаттық тілшілері ракета шабуылынан аман қалды. Украинада әскерге бармас үшін мүгедектік алу шуынан соң бас прокурор қызметтен кетті.
Украина Ресейдің бірнеше спирт зауытына шабуыл жасағаны айтылды. Солтүстік Корея сарбаздары Украинадағы соғысқа аттанып жатыр деген ақпарат көбейді, Кремль мен Пхеньян мұны жоққа шығарады.
Ресей Украинаға қарсы бастаған соғыста сарқылған күшін толтырып, әскер қатарын мобилизациясыз жаңартуға барын салып жатыр. Билік түрмеде жазасын өтеп жатқан я тергеуде отырған адамдарды жаппай майданға жөнелтуді жолға қойған. Қосақ арасында кетіп жатқан көптің ішінде Ресейге Орталық Азиядан барған мигранттар да аз емес
Ресей Донбасстағы Покровск қаласына шабуылды үдетіп жатыр. Қазір Украина осы аудандағы Курахово қаласының тұрғындарын эвакуациялауға көшті. Бұған қоса, «Солтүстік Корея солдаттары Ресейде жүр» деген видеолар жариялана бастады.
Украина президенті Владимир Зеленский жариялаған жеңіс жоспары туралы Батыс елдері реакция білдірді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та екі елді келісімге келтіру туралы көзқарасын айтты. Ресей Украинаның бірнеше қаласына әуеден соққы берді.
Украина билігі Харьков облысындағы бірнеше елді мекен халқын басқа жаққа көшуге шақырды. Облыс басшылығы «әскери жағдай қиындағанын» айтады. Ал Украина президенті Киевтің Жеңіс жоспарын таныстырды. Жоспардың бірінші бөлімінде Украина соғыс аяқталғанға дейін НАТО-ға шақырту алуы керек деп жазылған.
Ресей Курск облысында қарымта шабуылын жалғастырып жатыр. Ал Украина Белгород облысымен шекарада ресейлік взводты құрттық деп мәлімдеді. Ресей президенті Путин Солтүстік Кореямен серіктестік туралы заңды мемлекеттік думаға ұсынды. Ресейде сотталған әскерилер көбейгені айтылды.
Ресей Курск облысында қайта қарымта шабуылға шығып жатыр. Бұл аймақта Украина әскеріне қоршауда қалу қаупі төнді. Киев Ресей Курск облысында тұтқынға түскен тоғыз украиналық солдатты өлтірді дейді.
Ресей бір күн ішінде Украинаның Запорожье, Кривой рог, Одесса қалаларына әуеден соққы берді. Ал аннексияланған Қырымда Украина шабуылынан кейін тағы бір мұнай қоймасы жарылды. Украина президенті Владимир Зеленский Еуропа елдерін аралап, жеңіс жоспарын таныстырып жүр.
10 қазанға қараған түні Ресейдің Краснодар аймағындағы қару-жарақ қоймасы өртенді. Украина осы аймақта дрондар сақталған қойманы жардық деп мәлімдеді. Украина президенті Еуропаға сапарында жақтастарымен кездесіп жүр. Ал Кремль бейбітшілік орнатудың өздері ұсынған шарттарын тағы қайталады.
Батыс елдері Киевке Ресей аумағына ATACMS, Storm Shadow сияқты ракета жүйелерімен шабуылдауға рұқсат бере ме? Украинаға рұқсат берілсе, Путин қалай жауап беруі мүмкін? Жалпы Украина мен Ресейдің қолында қандай ауыр ракеталар бар?
7 қазанға қараған түні аннексияланған Қырым түбегіндегі ірі мұнай базасы өртеніп, 300 адам эвакуацияланды. Times басылымы Ресей Солтүстік Корея ракеталарының көмегімен снаряд тапшылығын жауып жатыр дейді. Украина жағында соғысқан ресейлік белсенді майданда қаза тапты.
Тағы