Бұрын инженер-дәрігер болған, Өзбекстанда бір рет пайдаланылатын шприц шығаратын алғашқы зауытты ашқан кәсіпкер Саидикром Ахроров көп жыл бұрын өз еркімен елден кеткен. Кейін Шавкат Мирзияев билікке келген соң, жаңа президенттің реформалар туралы уәдесіне сеніп, Ташкентке оралған. Бірақ ол қаржы алаяқтығы мен жемқорлыққа тап болғанын айтады.
Қазақстандық шенеуніктер шетелден келген көлікті қайта өңдеуге деп алынатын қымбат алымды арзандатуды ұсынған белсенділердің сөзін қабылдамайтын сияқты. Ал премьер-министр елді импортқа тәуелсіз "көлік державасы" болуға үндеді. Бірақ утилизация алымы мен қазіргі жағдайдан үлкен пайда көріп отырған көлік құрастыру зауыттарына қарсы қозғалыстың қарқыны күшті.
Мамырдың аяғында Алматы соты стендапер Нұрасхан Басқожаевты "көпшілік алдында балағат сөз айтқаны" үшін 15 күнге қамады. Әріптестері комик саясат пен жемқорлықты жиі әжуалағанына бола жазаланды деп біледі. Азаттық Central Stand Up Almaty сахнасында не болғанын анықтауға тырысып көрді.
Қазақстан қатарынан екі олимпиадада (Рио және Токио) дзюдодан медаль алған. Бұл жолы Париж олимпиадасында сол дәстүр жалғаса ма? Құраманың олимпиадаға дайындығы қалай? Азаттық олимпиада алдында қазақ дзюдошыларының әлеуетін саралап көрді.
Республикашылдар атынан президенттік сайлауға түскен Дональд Трампқа оқ ату АҚШ халқын дүр сілкіндірді. Бұл – елдің кейінгі 40 жылдық тарихында президентке не осы қызметке үміткер адамға жасалған алғашқы қастандық.
Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу ықтималдығы Қарағандыда талқыланды. Азаттық талқылауға қатысып, маңызды сәттерін түртіп алды.
Тағы