Украинада Ресейдің 8 шілдедегі зымыран соққысынан кемі 38 адам қаза тауып, 117 адам зардап шекті. Мәскеу Киевтегі ауруханаларға соққы жасағанын жоққа шығарып, бұған Украина әуе қорғанысын кінәлады. 9 шілдеге қарағанда түні Ресейдің Украинаға жақын облыстарына да ондаған дрон түсті.
Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалында Англия Швейцарияны, Нидерланд Түркияны жеңді. Осылайша, Англия мен Нидерланд енді жартылай финалда ойнайды.
Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалында Испания алаң иелері Германия құрамасынан, Франция Португалия құрамасынан басым түсті. Енді Испания мен Франция финалға шығу үшін өзара ойнайды.
5 шілдеде Украинаның Киев облысы Чайки ауылында қазақстандық оппозициялық белсенді, "Бәсе" YouTube арнасының авторы Айдос Садықовты ақтық сапарға шығарып салды. Туған жері Ақтөбеде де Садықовтың жерлестері, серіктері еске алып, құран бағыштады.
Қазақстан Шанхай ынтымақтастық елдерінің саммитін өткізіп, ұйым төрағалығын Қытай тарабына берді. Ұйым құрамына оныншы мемлекет болып Беларусь қосылды. Азаттық саммиттегі басты жаңалықтарды шолып, ұйымның геосаяси орны туралы сарапшылар пікірін білді.
Алматыда оппозициялық белсенді Айдос Садықовты еске алып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке жиналмақшы болған белсенділердің жолын полиция бөгеді. "Қарағайлы" саябағын жөнделіп жатыр деген полицейлер аумақты қоршап тұрды. Белсенділер мұны әдейі жасалған әрекет деп біледі.
Кешелі бері Қазақстан астанасында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің саммиті өтіп жатыр. Оған қатысуға басқа басшылармен қатар Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин келді. Осы жолы ұйым құрамына Беларусь қосылмақ.
Тағы