Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалында Испания алаң иелері Германия құрамасынан, Франция Португалия құрамасынан басым түсті. Енді Испания мен Франция финалға шығу үшін өзара ойнайды.
5 шілдеде Украинаның Киев облысы Чайки ауылында қазақстандық оппозициялық белсенді, "Бәсе" YouTube арнасының авторы Айдос Садықовты ақтық сапарға шығарып салды. Туған жері Ақтөбеде де Садықовтың жерлестері, серіктері еске алып, құран бағыштады.
Қазақстан Шанхай ынтымақтастық елдерінің саммитін өткізіп, ұйым төрағалығын Қытай тарабына берді. Ұйым құрамына оныншы мемлекет болып Беларусь қосылды. Азаттық саммиттегі басты жаңалықтарды шолып, ұйымның геосаяси орны туралы сарапшылар пікірін білді.
Алматыда оппозициялық белсенді Айдос Садықовты еске алып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке жиналмақшы болған белсенділердің жолын полиция бөгеді. "Қарағайлы" саябағын жөнделіп жатыр деген полицейлер аумақты қоршап тұрды. Белсенділер мұны әдейі жасалған әрекет деп біледі.
Кешелі бері Қазақстан астанасында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің саммиті өтіп жатыр. Оған қатысуға басқа басшылармен қатар Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин келді. Осы жолы ұйым құрамына Беларусь қосылмақ.
Украина астанасы Киевте қастандыққа ұшырып, басына оқ тиген белсенді Айдос Садықов арада 13 күн өткенде ауруханада көз жұмды. Марқұмның отбасы қылмысқа тапсырыс беруші ретінде Қазақстан билігін айыптайды. Президент Тоқаевтың баспасөз қызметі әлдебір сыртқы күштердің бар екенін айтқан.
Футболдан Германиядағы Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Португалия Словения құрамасын пенальти сериясында жеңіп, ширек финалға шықты. Енді Роналду бастаған Португалия Франция құрамасымен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Грекияның Идра аралындағы орман өртіне байланысты жергілікті прокуратура Қазақстанның 8 азаматына «моралдық тұрғыда қатысы бар» деп, іс қозғады. Оқиғадан 10 күн өткенде «өрттің шығуына себеп болды» делінген қымбат яхтаны жалға алған қазақстандық кәсіпкер арнайы мәлімдеме жасады.
Тағы