20 шілдеде Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында апат болды. 8 жұмысшы күйіп қалып, екі күннен соң бір адам қаза болды. Марқұм отыз жаста болған. Тағы бес адамның халі ауыр. Азаттық тілшісі апат болған зауытқа барып, ақпарат алуға тырысты. Қазір не белгілі?
АҚШ-та биыл 5 қарашада өтетін президент сайлауына 107 күн қалғанда Демократиялық партия кандидаты, қазіргі президент Джо Байден бәйгеден шықты. Ол өз орнына вице-президент Камала Харристі ұсынды. Бірақ партия ішінде өзге де үміткерлер бар. Енді кімнің кандидат болатыны 19 тамызда анықталмақ.
АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис президенттікке ұсынылған алғашқы қара нәсілді әйел болуы мүмкін. Президент Джо Байден президент сайлауына қатысудан бас тартты. Ол өз орнына Харристі ұсынып отыр.
Қазақстанда шілдеде сұйылтылған газ он пайызға қымбаттады. Энергетика министрлігі "бұл мәжбүрлі шара" деді. Себебі халыққа сатылатын газ бағасы "мұнай компанияларының шығынын ақтамайды" әрі "тапшылыққа да бағаның төмен болуы себеп" деп түсіндірді. Газдың қымбаттауы жөнінде жұрт не дейді?
Бұрын инженер-дәрігер болған, Өзбекстанда бір рет пайдаланылатын шприц шығаратын алғашқы зауытты ашқан кәсіпкер Саидикром Ахроров көп жыл бұрын өз еркімен елден кеткен. Кейін Шавкат Мирзияев билікке келген соң, жаңа президенттің реформалар туралы уәдесіне сеніп, Ташкентке оралған. Бірақ ол қаржы алаяқтығы мен жемқорлыққа тап болғанын айтады.
Қазақстандық шенеуніктер шетелден келген көлікті қайта өңдеуге деп алынатын қымбат алымды арзандатуды ұсынған белсенділердің сөзін қабылдамайтын сияқты. Ал премьер-министр елді импортқа тәуелсіз "көлік державасы" болуға үндеді. Бірақ утилизация алымы мен қазіргі жағдайдан үлкен пайда көріп отырған көлік құрастыру зауыттарына қарсы қозғалыстың қарқыны күшті.
Мамырдың аяғында Алматы соты стендапер Нұрасхан Басқожаевты "көпшілік алдында балағат сөз айтқаны" үшін 15 күнге қамады. Әріптестері комик саясат пен жемқорлықты жиі әжуалағанына бола жазаланды деп біледі. Азаттық Central Stand Up Almaty сахнасында не болғанын анықтауға тырысып көрді.
Қазақстан қатарынан екі олимпиадада (Рио және Токио) дзюдодан медаль алған. Бұл жолы Париж олимпиадасында сол дәстүр жалғаса ма? Құраманың олимпиадаға дайындығы қалай? Азаттық олимпиада алдында қазақ дзюдошыларының әлеуетін саралап көрді.
Тағы