Батыс баспасөзі Владимир Путиннің жыл сайынғы дәстүрлі «тікелей эфирін» талқылап жатыр. Биылғы телехабарда Қырымды аннексиялап алғаннан кейінгі Ресейдегі дағдарыстан гөрі экономикаға көбірек көңіл бөлінгені байқалады.
Севастопольде билікке қарсылық акциясына келгендерді полиция күштеп таратты.
Украин тілінде «Бақыт» деген мағына беретін «Счастье» қаласы Луганскіден бірнеше километр жерде орналасқан. Соғыстан күйреген қалада көңіл қуантарлық жайт жоқтың қасы.
Харьковте коммунистік дәуір қайраткері Николай Рудневтің ескерткішін оның аты-жөнімен аталатын алаңдағы тұғырыннан құлатқан.
Amnesty International Дондастағы ресейшіл сепаратистердің тұтқынға түскен Украина солдаттарын атып тастағанын мәлімдеді. Құқық қорғаушы ұйым «жантүршігерлік айғақтар» тапқан.
Голландия соты Ресей аннексия жасаған Қырымдағы мұражайлардың скифтер дәуіріндегі жәдігерлерін шетелдегі көрмеден кімге қайтарылатынын шешпек.
Украина президенті Ресейдің солдаттары мен полицейлері туралы фильмдерін, «Еуромайданнан» кейін түсірілген телевизиялық және кино өнімдерін Украинада көрсетуге тыйым салатын заңға қол қойды.
Кремльшіл интернет-тролльдер Батыс пен Украина жетекшілерін мұқату үшін арнайы сайттағы суреттерді пайдаланады. Бұл сайт әлгіндей мақсатпен құрылған.
Ресейдің ұлтшыл депутаты «бізді сынап-мінейтіндер елімізге келмесін, қызметке орналаспасын» деп мәлімдеді.
АҚШ Орталық Азия елдерімен қарым-қатынаста адам құқықтарына қатысты санкция салуға бармай, "табанды, нақтылыққа сүйенген" дипломатия ұстана беретінін жариялады
АҚШ әскерінің «Драгун жорығын» Балтық елдері және Польша тұрғындары жақсы қарсы алды. Ал АҚШ конвойы Чехиядан өткенде үлкен наразылық шеруі болады деген болжамдар жаңсақ болып шықты.
Украина президенті Петр Порошенко Днепропетровск облысының басшысы Игорь Коломойскийді қабылдау кезінде оның өтінішін орындап, қызметтен босатты.
Тағы