- ...Ендеше, мен біреулер ортаға от жақты екен деп қалай ереуілдеп кетемін? Осы жасқа келіп, пиғылы жат біреулердің айтағына еріп, көйлегімнің етегін желбіретіп, «Ойбай, қырылып жатырмыз, Президентке қарсымын» деп көшеге шығатын жағдайым жоқ, - деді Фариза Оңғарсынова.
– Шуылдақтың арасында бір-бірімен төбелесіп жатқан жап-жақсы елдердің экономикасы құлдырап, 10-15 жылға артқа кетті. 30 миллион Египеттің халқы 80 миллионға жетіп, жап-жақсы боп отырған болатын. Ең өркендеп өскен Африкадағы ел – Тунис болатын. Барлығының экономикасы артқа қарай кетті, халық қаңғып қалды. Соны біз жеткізе білуіміз керек, – деді Қазақстан президенті стипендия иелеріне.
- ...Кейінге со... қооо... «өртеп, неғыламыз» деп, сондай хабар келді бізге. Ана қыз қайта қайта бізге звондап, дежурный частьқа қайта қайта шығады: «Мені қорғаңдар, мені қорғаңдар!» деп. Содан кейін біз қару алып, сө йерге барған кезде... Уже қарасақ, зданиенің бәрін өртеп келатыр екен, таспен ұрып, неғылып... Содан кейін қару қолдана бастадық, - деді бірінші полицей.
- Халық байи бастады. Байыған адам қызметші жалдайды, жүргізуші жалдайды, ауылдағылар бақша салдырады. Қалтасына ақша түсіп, бос уақыты табылады. Сол бос уақытты олар білімін арттыруға, скрипка үйренуге, тағы бірдеңеге, сурет салуға жұмсаса ғой. Жоқ, ол сол бос уақытын тән қалауы мен өңшең жаман істерге жұмсайды. Міне, байлықтың кесірін көрдіңдер ме. Біз – жас ұлтпыз, жұмыс істеуіміз керек, - деді.
Қазір Қазақстанда ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы – 63,5 жас. АҚШ ғалымдарының қисынына салсақ, қазақтың ең алғашқы, тұңғыш президентінің 127 жыл жасамасқа хақы жоқ. Сондықтан Назарбаев айналасындағы «елді тұрақсыздық пен хаосқа бастап бара жатқан реакцияшыл күштерден» алдағы 56 жылда әбден құтылады, Жармахан мырза!
– Кеден одағында мәселені үш президент пәтуаласып шешеді. Біз Ресейден егемен боламыз. Осыны ойладыңдар ма? Мен «Жоқ» десем, ештеңе шешілмейді. Өз егемендігіңде отырған қалай, Ресейден егемен болған қалай? Бұл – саяси мәселе. Ғалым ретінде дұрыс сараптап, жұртқа дұрыс түсіндіріңдер. Мұны түсінердей етіп айттым ба?
«Батыстың ойшылы айтады: «Билікке фашистер келді. Біздің көшеде тұратын коммунисті ұстап әкетті, содан соң еврейді, славянды. Мен ештеме деген жоқпын. Ең соңында мені тұтқындады. Айғайладым. Көмектеспек түгілі дауысымды еститін ешкім де жоқ еді...»
– Әлі күнге дейін балаларға Алдар көсе туралы ертегі айтамыз. Осы дұрыс па? Бала деген ертегі кейіпкерлерін үлгі тұтуға лайық деп ойлайды ғой. Алдар көсе деген кім өзі? Ол алаяқ, алдамшы біреу. Оның үйретері – заң бойынша жазалауға лайық қылмыс – алаяқтық, – деді мәжіліс депутаты Камал Бұрханов,
«Гоги, сенің Тбилисиде сарайың бар – бірақ бізде де біраз нәрсе бар. Сенің екі «Мерседесің» бар – бізде де бар. Сенің жасырын цехың, бірнеше көңілдесің бар... Бірақ біз де сорлы емеспіз. Кәнеки, онда нағыз коммунист Гоги үшін ішіп қояйық!» - деген анекдот айтты Қазақстан президенті.
– Мәселе кімнің басқаруынан гөрі қалай басқаруға көбірек тіреледі. Кешегі кеңестік қоғам да жалпы коммунистер басқарғандықтан емес, қолынан іс келмейтін коммунистер басқарған тұста іштей іріп-шіри бастаған болатын, – деп жазады «Егемен Қазақстан».
Әбсаттар Дербісәлінің айтуынша, Қазақстандағы барлық мешіттерді «дұрыс имамдармен қамтамасыз ету үшін» екі жыл керек екен. Кезінде дүние жүзінің суннитері мен шиитеріне бірігіңдер деп бұйырған бас мүфти мырза енді «Халифат сарбаздарына» да «Екі жыл күте тұрыңдар!» деп айтпас па екен?
– Жабық дауыс беру кезінде 58 рубасының 30-ы Назарбайды қолдап шыққанын жазған, – дейді Қазақстан президенті. Ал мен өз көзіме өзім сенбедім! 58-дің 30-ы деген – 51,72 пайыз ғана ғой! 95,55 пайыз дауыс жинаған немересі атасы үшін (немесе атасынан!) ұялмай ма екен?
Тағы