Степногорск қаласындағы №4 мекемеде жазасын өтеп жатқан белгілі марафоншы, "Алға, Қазақстан" партиясын құру жөніндегі бастамашыл топ лидері Марат Жыланбаев екі айлық тәртіп изоляторынан шықты. Адвокаты оның түрмедегі хал-ахуалы туралы Азаттыққа айтып берді.
Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы жаңа есебін жариялады. Есептің толық атауы – "Саяси қуғын, экономикалық шектеу: терроризмді қаржыландыруға қатысы бар деген қазақстандықтар тізімі қалай қосымша адам құқығын бұзуға әкелді".
Қызылордада сыныптастары бірнеше ай бойы жезөкшелікке күштеген қыздың хикаясы бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді. Полиция кәмелеттік жасқа толмаған төрт жасөспірімді ұстады, белсенділер бұл мәселенің түбі тереңде жатыр дейді.
Қамаудағы белсенділер мен журналистер түрме мен тергеу изоляторында медициналық көмек алу қиын екенін жиі айтады. Белсенділер емханаға жанкештілікпен жетіп жатқанда Қазақстан түрмелері мен тергеу изоляторларындағы 38 мыңдай адамның денсаулығы қалай? Жұрт көзінен тасадағы олар ауырса, қалай емделеді?
2 тамызда Қонаев соты "экстремизмді қаржыландырды" және "тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты" деп айыпталған журналист Думан Мұхаммедкәрімді кінәлі деп танып, жеті жылға бостандығынан айырды. Азаттыққа бұл туралы журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады.
Азаттықтың Татар-Башқұрт редакциясының тілшісі Алсу Құрмашева жақында бостандыққа шықты. Ол Батыс елдері, Ресей мен Беларусь арасындағы тұтқын алмасу шарасы аясында босатылды. Алсу 288 күнін қамауда өткізді. 19 шілдеде Татарстанның Жоғарғы соты журналисті «әскер туралы жалған ақпарат таратты» деген айыппен түрмеге жапқан. Idel.Реалии сайты Алсудың хикаясы мен журналистің тергеу абақтысынан жазған хаттарын баяндайды.
Қазақстанда әділетсіз сот үкімінен зардап шеккен азаматтар қозғалысы істерін қайта қарау үшін арнайы комиссия құруды талап етіп отыр. Олар президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан" құруға уәде берсе де, қазіргі сот жүйесі іске жарамайтынын айтады.
Қарақалпақстанның егемендігі мен Өзбекстан құрамынан шығу құқығы туралы баптарды Конституциядан алып тастауға бейбіт қарсылықты билік күшпен басып, аяғы үлкен қантөгіске ұласқан Нөкіс оқиғасына биыл екі жыл толды.
Тағы