Тегеранға қатысты Вашингтон салған санкциялар бірнеше күннен соң күшіне енгелі жатқанда Пекин мен Дели Иранның мұнайынан бас тарта алмайтындарын білдірді.
Халықаралық БАҚ Қытайдағы саяси лагерьлер жайлы зерттеу мақалалар жариялады. Қытай билігі саяси лагерьдегі “бақытты өмір” жайлы “жарнамаларды” жиілетті
Түркияда тұратын қазақстандық азамат Өмірбек Бекалы Азаттыққа "Қытайда тұратын 80 жастағы әкесі Бекалы Ибрахимнің саяси үйрену лагерінде қайтыс болғанын" айтты.
Шыңжаңда мемлекеттік қызметте істейтін қазақ Күлзира Қалибек бір жылдан бері Қазақстанға келе алмай отыр. Қытай тарапы оның жұмыстан шығу туралы өтінішін қабылдамаған. Күлзира Қалибектің екі баласы және күйеуі Қазақстан азаматтығын алған.
Халықаралық Human Rights Watch халықаралық ұйымы Қытай үкіметі Шыңжаңда қамалған мұсылмандардың балаларын отбасынан алшақтатпай, жақындарына жіберу керек деп мәлімдеді. Қытай саяси лагерьлерді “жарнамалауды” үдетті.
"Қытайда туыстарымыз жазықсыз қудаланды" деген бір топ адам Алматыда кезекті рет жиналып, Қазақстан билігінен көмек сұрады.
Қуғында жүрген тибет үкіметінің басшысы Лобсанг Сангай Шыңжаңдағы этникалық азшылық мәселесі Тибеттің басындағы жағдаймен бірдей деп санайды
Қазақстандыққа күйеуге шыққан Қытай қазағы Азаттыққа былтыр қазан айының соңында Шыңжаңдағы туған жері – Бурылтоғайға төркіндеп барған кезінде "саяси лагерьге қамалу қаупі туып, жергілікті биліктің қысымымен жасанды түсік жасатқанын", "өкпе дертіне шалдыққанын" айтты.
Қытайдағы "қайта тәрбиелеу орталығында" адамдарды қалай оқытады? "Орталықтағы" тамақ, күзет және жатын орын қандай? Лагерьде отырып шыққан этникалық қазақтың әңгімесі.
Батыс басылымдары Ресей Бас барлау басқармасының (ГРУ) бұрынғы агенті Сергей Скрипальдің өміріне қастандық жасаған деген күдікке іліккендердің ресейлік арнайы қызметке қатысы бар екенін көрсеткен тексеру туралы жазған. БАҚ-та күдіктілердің бірі Қазақстанда болғаны айтылады. Әлемдік баспасөз Шыңжаңдағы жағдайды назарда ұстап отыр, сарапшылар Қытайдың неліктен этникалық азшылыққа қысым жасайтынын білгісі келеді.
Қырғызстанның Қытайдан алған қарызы көбейіп барады. Сарапшылар Қытай несиесін алу оңай болғанмен қайтару шарттары қатаң екенін айтады.
Тағы