Еуропада тұратын бір топ этникалық қазақ Қазақстанда митинг кезінде ұсталғандарды босатуды өтініп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды.
Шетелде тұратын, сол жақта жұмыс істеп жүрген қазақтар Қазақстанда жаңадан сайланатын президент әділетті қоғам құрып, жемқорлық мәселесін шешсе дейді.
Швеция қазақтарының қоғамдық ұйымы 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп тұр. 1960-1970 жылдары Түркиядан жұмыс іздеп барған қазақтардың бүгінгі ұрпақтары Стокгольм, Вестерас жәге Гетеборг қалаларына қоныстанған.
Қытайда қамалған қазақтардың кейбірі елге оралып, бақылаушылар "тоңның жібігенін" айтады. Бірақ Шыңжаңға жуырда барып келген журналистің "күдігі басым". Қазақстан СІМ саяси қамау орындарын "кәсіптік оқыту орталықтары" деп сипаттайды.
Түркияда туып, Францияда тұрған, арғы тегі алтайлық қазақ Өмір Өзкалп Германияда кәсіпкерге айналды. Түркияда – "Омер", Францияда – "Виктор-Зафер" атанған Өмір шеттегі қазақ жастарының ана тілінен ажырап бара жатқанын айтып қынжылады.
Алматылық Вячеслав Ким тарихи отанын жақынырақ тану және ақша табу мақсатымен бір жарым жыл бұрын Оңтүстік Кореяға барған. Азаттыққа берген сұхбатында ол Оңтүстік Кореядағы қазақстандық мигранттардың тұрмыс-тіршілігі туралы айтты.
Англияның Шеффилд қаласында «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жүрген Талғар Дәлелғазы Қазақстанның ондаған мың жасы жыл сайын АҚШ пен Еуропада білім алса, елдің дамуы жылдамдай түсер еді деп армандайды.
Қытайда туып-өскен бірнеше этникалық қазақ студент екі жылдан бері Түркияда бас сауғалап жүр. Қазақстан сыртқы істер министрлігі оларға виза беруден бас тартқан.
Қазақстандық Абзал Ілесбеков төрт жылдан бері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұрады. Ол Азаттыққа АҚШ-тағы өмірі мен бизнесті қалай бастағаны жайлы әңгімелеп берді.
Оралда туып өскен, қазір Львовта тұратын Александра Мартиненко сұхбатында Қазақстан мен Украинадағы өмір салты туралы әңгімелейді.
Қытайда туған этникалық қазақ Ғалымбек Шағыман Ташкент әуежайынан шыға алмай отыр. Бизнеспен айналысатын Қытай қазағы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевке өтініш жасап, Қытайға экстрадицияламауды сұраған.
Ресейдің Алтай республикасы Қосағаш ауданы Жазатыр ауылында мың жарымға жуық қазақ тұрады. Негізгінен мал шаруашылығымен айналысатын ауыл тұрғындары саны аз қалған ілбісті қорғауға атсалысып жүр.
Тағы