Алматыдағы «Арман» кинотеатрында Түркияда тұратын қазақтардың екі ұрпағының тағдыры жайлы баяндайтын «Стамбулдан шыққан қазақ» деректі фильмінің премьерасы болды. Кейіпкерлердің бірі - Қазақстанға көшкенге дейін көп жыл Түркияда тұрған ақсақал. Екіншісі - тарихи отанына оралуды енді ғана жоспарлап жүрген жігіт.
Биыл жазда Қытайдың Алтай аймағынан Қазақстанның Павлодарына трактормен бес отбасыны көшіріп әкелген оралман атамекендегі алғашқы жылын қалай өткергені жайлы ой бөліседі.
Маңғыстау облысы әкімдігі «Әлеуметтік жатақханада» тұрып жатқан оралмандарды шығаруды, олардан материалдық шығын өндіруді келесі жылдың сәуіріне дейін тоқтатты. Әкімдік мұны «аймақтағы қоғамдық- саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында» деп түсіндірді. Жатақхана директоры оралмандарға оларды баспанадан шығару соты көктемде қайта жалғасатынын ескертті.
Маңғыстау облысы әкімдігі Ақтаудағы оралмандар орталығында 2011 жылдан тұрып жатқан 139 отбасын сотқа беріп, баспанадан шығарғалы жатыр. Жергілікті билік уәжі – «оралман алты айдан кейін өз күнін өзі көруі керек». Ал баспанадан шығуы тиіс оралмандар «Нұрлы көш» бағдарламасымен келсек те қолымызға тигені - тек осы үй. Басқа барар жер, басар тауымыз жоқ» дейді.
Қытай қазақтарының көріп отырған қысымына қатысты Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Хань Хуей алғаш рет жауап берді. Қытайда қамалған қазақтардың Қазақстандағы туыстары енді елшінің уәдесінен кейін жағдай түзелер деп үміттенеді.
Қытайдың батысында тұратын этникалық қазақтардың түрлі себеппен қамауға алыну себебі не? Си Цзиньпиннің екінші мерзімінде Пекиннің Шыңжаңдағы ұлттық саясаты қандай болмақ? Азаттық чехиялық белгілі қытайтанушымен сұхбаттасты.
Қытайдан көшіп келген оралмандар тобы Қазақстан сыртқы істер министрлігінен Шыңжаңда бірнеше айдан бері қамауда отырған туыстарының дерегін білуге жәрдем сұрайды. Министр Қайрат Әбдірахманов "шетелдегі қазақ диаспорасының мүддесі мен құқығын қорғауға" уәде етті. Қытай консулдығы бұл мәселе жөнінде комментарий беруден бас тартты.
Қытайда туған қазақ жазушысы, тарихшы, этнограф Зейнолла Сәніктің еңбектері Алматыда 15 том болып басылып шықты. Жинаққа оның алғашқы романы «Сергелдең», «Тұғырыл хан» секілді көлемді шығармалары, Қытай архивтерінен жазған зерттеу еңбектері енді. 2013 жылы Алматыда қайтыс болған жазушының өмір жолынан Қытайдағы авторитарлық режимнің 1960 жылдары қарапайым адамға көрсеткен қысымының алуан тәсілін көруге болады.
Қазақстан азаматтығын алу үшін құқығын сот арқылы қорғауға тырысқан оралман қазақ Исрафил Багиді қайтадан Иранға шығарып жіберді. Оған Багидің "көлік айдағанда жол қозғалысы ережесін екі мәрте бұзғаны" үшін әкімшілік жазаға тартылуы негіз болған. Бұған дейін Қазақстан билігі оны экстремизмге қатысты күдікпен ықтияр хаттан айырған.
Моңғолиядан Қазақстанға 2011 жылы келген этникалық қазақ Ғазиза Октябрьге Қазақстан азаматтығы берілмейтіні хабарланған. Жергілікті билік өкілдері оның «теріс ағым өкілі» екенін, сондықтан «Моңғолияға депортация жасалатынын» айтады. Ал оралман әйел тарихи отанында қалуға таласып жүр, енді ол азаматтық алу үшін сотқа жүгінді.
«Қауымдастықтың басына зейнеткерлер емес жастар келуі керек» дейді кей пікір иелері. Ал бұл ұйымның басшылығы «көпшілік қауымдастықтың міндетін министрліктердің міндетімен шатастырады» деп кейиді.
Алматы облысының Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылдық округіне қарасты Жайсаң ауылында жер дауынан төбелес шықты. Таласқа түскен жер – ауыл іргесіндегі «жайылым». Жерді жалға алған - кәсіпкер, «малды қайда жаямыз?» деп наразы болғандар – 50-ден астам оралман. Кәсіпкер өкілі жерді «жалға алғандарын» айтады, әкімдік оны растайды. Ал оралмандар әкімдік берген жайылым «ауылдан алыс және ол жерде су жоқ» дейді.
Тағы