Үш жарым жылға сотталған қазақстандық Азамат Тәжаяқов Бостон тұрғындары алдында істеген қылығына өкінетінін мәлімдеді. Ол досы Джохар Царнаев жасаған терактіні айыптады.
Батыс басылымдары Қазақстандағы киіктердің жаппай қырылуы туралы жазып жатыр. Олар жануарлардың қырылуын «нағыз қасірет» деп атайды.
Батыс баспасөзі Ресей мұнай бағасын өсіру үшін іске асуы екіталай амалға жүгінуі мүмкін деген болжам айтады.
Мәскеуде екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге Батыс елдері басшылары қатыспады. Батыс баспасөзі мұның себептерін талқылап, әлемдік жүйедегі өзгерістерді сараптаған.
АҚШ-та Salon сайты жариялаған «Қазақстандағы сайлаудың ұтымды тұстарынан АҚШ үлгі алғаны жөн» деген сарындағы мақала өзге басылымдардың сынына қалды.
Батыс басылымдарының көбі кезектен тыс президент сайлауындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісін алдын ала болжанған «қағаз жүзіндегі жеңіс» деп атайды.
Батыс баспасөзі «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы да СССР сияқты қорқыныш-үрейге негізделгенін көрсетіп, екеуінің арасынан ұқсастық тауып жатыр.
Батыс баспасөзі Владимир Путиннің жыл сайынғы дәстүрлі «тікелей эфирін» талқылап жатыр. Биылғы телехабарда Қырымды аннексиялап алғаннан кейінгі Ресейдегі дағдарыстан гөрі экономикаға көбірек көңіл бөлінгені байқалады.
АҚШ соты терроризмге қатысы бар деген айыпталған Қазақстан мен Өзбекстанның төрт азаматының ісін қарап жатыр. Олардың бірі – Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Ахрор Сайдахметов.
Билікте отырғанына ширек ғасыр болған Өзбекстан пен Қазақстан президенттері қызметінде бес жылға тағы қалуы мүмкін. 77 жастағы Ислам Каримовтың жуырда қайта сайлануы әлемде әрқилы реакция тудырды.
Халықаралық құқық қорғау ұйымы Ұлыбритания үкіметін Қырғызстан экс-президентінің баласы Максим Бакиев Лондонның шетінен мемлекет ақшасына жекежай сатып алған деген күдікті тексеруге шақырады.
Жапон басылымы алдағы президенттік мерзім – Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктегі соңғы кезеңі болады деген болжам айтады.
Тағы