Accessibility links

Дәрігер, ғалым, қоғам қайраткері Камал Ормантаев дүние салды


Дәрігер, ғалым, қоғам қайраткері Камал Ормантаев. Астана, 14 маусым, 2012 жыл.
Дәрігер, ғалым, қоғам қайраткері Камал Ормантаев. Астана, 14 маусым, 2012 жыл.

12 ақпанда белгілі педиатр, Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаған Камал Ормантаев 88 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның ұлы Жарас Ормантай Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Бүгін түнде ардақты әкем, Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы академик Камал Ормантаев өмірден озды", – деп жазды ол.

Камал Ормантаев 1936 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Ормантаев – хирург, ғылым докторы, профессор, академик. Әр жылдары Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығын басқарған.

Ғылыми еңбектерінің дені балалар хирургиясына арналған. Бас пен миға жасалатын отаның жаңа әдістерін тәжірибеге енгізген. Осы салада ғылыми мектептің негізін қалаған. Өз саласындағы 50-ге жуық авторлық куәлік және патент иесі. Ондаған мың ота жасаған дәрігер.

1990-жылдардың басында ол "Азат" азаматтық қозғалысы жетекшілерінің бірі болған, Халықтық-демократиялық партияны құрып, басқарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG