Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласын 20 қарашадан бері газ бен тұман тұмшалап тұр. Әлеуметтік желі қолданушылары шұңқырда орналасқан қала түтінге бөгіп, іргедегі таудың төбесінен көрінбей қалғанын дәлелдейтін видеолар жариялап жатыр.
Маңғыстауда Каспий теңізін мекендейтін итбалық жаппай қырылып қалған, Кейінгі бір аптада теңіз жағалауынан үш жүзге жуық итбалық өлексесі табылды. Мамандар олардың неден өлгенін анықтауға кірісті.
Шахтинск қаласының соты "Қазақстан" шахтасындағы кеншілер өліміне қатысты істі қайтадан қарай бастады. Істі қарау аяқталуға таяғанда судья ауысып, процеске қатысушылар мен көптеген куә қайта жауап беретін болды. "Жақындарымыздың қалай тұншыққанын, қалай өлгенін басынан бастап тыңдауға тура келді", – деді жәбірленушілер.
Коммерциялық емес CREA зерттеу ұйымы Теміртау металлургия комбинатының қаладағы ауа сапасына экологиялық ықпалы туралы баяндамасында зауыт ширек ғасырдан астам уақыт ішінде мыңдаған жергілікті тұрғынның өліміне себепші болды деген қорытынды жасаған. Азаттық зерттеу авторларының бірімен әңгімелесті.
Қазақстанда 2024 жылдың алғашқы алты айында, ресми дерек бойынша, кәмелетке толмаған мыңнан аса екіқабат қыз есепке алынған. 170-тен астамы аборт жасатқан. Дәрігерлер жасы жетпей бала көтеру жасөспірім қыздың өміріне қауіпті екенін ескертеді. Ондай қыздар арасында зорлық көріп, аяғы ауыр болғандар да бар. Бұл оларға физиологиялық, моралдық, психологиялық тұрғыдан ауыр тиеді, мінез-құлқы түбегейлі өзгереді дейді мамандар.
Құқық қорғаушылар "Жалған ақпаратты жариялау, тарату" деген әкімшілік бап биліктің қолайына жақпайтын журналистерді, блогерлер мен белсенділерді қудалауға пайдаланатын құралға айналғанын айтады. Әрі бұл баптар әркім әрқалай түсіндіре алатындай бұлыңғыр.
Ақтау қалалық сотының бұрынғы төрағасы Мәлік Кенжәлиев зейнетке шыққан соң шалғай ауылға көшіп, асыл тұқымды мал өсіруге кіріскен. Бюрократиялық жүйенің кеселіне кезіккен шаруа үкіметтің ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламалары неге іске аспайтыны жайлы ой-пікірін Азаттыққа айтып берді.
Мұндай үйде тұру қиын әрі қауіпті, ал ұсынған шартына көну – обал. Ұлытау облысы ауылдарында металл кеніші аумағын кеңейтуге деп тұрғындардың үйін алмақшы. Жұрт неше жылдан бері дүние-мүлкіне дұрыс өтемақы алу үшін күресіп жүр. Әзірге жеңілумен келеді.
Қарағанды облысында тұратын жас кенші Николай Девяткин кенжарда техника қауіпсіздігі талаптары бұзылғанын басшылыққа жеткіземін деп, жұмысынан айырылып қалғанын айтады. Ал бұрынғы жұмыс берушісі Девяткин тыйым салынғанына қарамастан ұялы телефон алып кіріп, "тәртіп бұзғаны үшін" шығарылды дейді.
Қызылордада сыныптастары бірнеше ай бойы жезөкшелікке күштеген қыздың хикаясы бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді. Полиция кәмелеттік жасқа толмаған төрт жасөспірімді ұстады, белсенділер бұл мәселенің түбі тереңде жатыр дейді.
Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен үйлерді бағалау аяқталды. Ресми ақпарат бойынша, 2650 үй иесі әкімдікпен келісімшартқа отырған. Оларға 72 млрд теңгеге жуық өтемақы төленген. Азаттық тілшісі сөйлескен тұрғындардың кейбірі өтемақы көлеміне келіспесе де, әкімдікпен келісімшартқа отырғанын айтты. Келісімшартқа отырудан бас тартқан кей тұрғын "әділетті өтемақы" талап етіп, сотқа жүгінді.
Павлодар облысында алтын кенішінде автобус құлағанда қаза тапқан құтқарушы Олег Тышкевичтің қызы әкесі жұмыс істеген авариялық-құтқару қызметімен соттасып жүр. Мекеме қаза тапқан қызметкерінің туыстарына төрт миллион теңге ұсынған. Марқұмның отбасы бұған үзілді-кесілді келіспей отыр.
Тағы