Ресейдің зерттеуші журналисі Роман Анин Кремль билеушісі Владимир Путин тарихта өзі қалағандай I Петр мен Ұлы Екатеринаның емес, Гитлер мен Каддафидің қатарында тұрады дейді. Журналистің пікірінше, Ресей президентінің тағы үшін талас әлдеқашан басталып кеткен.
Қазақстанда туған жапон фотографы Хаято Мацумото советтік Қазақстандағы өмірі, милициядағы қызметі, Жапонияға көшуі, деректі фотожобалары, жапон халқының Украинадағы соғысқа көзқарасы туралы ой бөлісті.
АҚШ мемлекеттік департаменті діни азшылықтар құқығының шектелуі мен адамдарды діни көзқарасына байланысты бостандығынан айыруды Қазақстандағы дін еркіндігі саласындағы елеулі мәселелердің бірі деп есептейді.
Түркиядағы президент сайлауынан кейін бюллетеньдердің 98,38 пайызы саналып, елдің қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған 49,34 пайызбен алда келеді. Оның негізгі бәсекелесі – "Халық альянсы" оппозициялық бірлестігінен сайлауға түскен Кемал Қылышдароғлы 45 пайыз дауыс жинап екінші орында тұр.
Ташкент бұл өзгерістерді «елді демократияландыруға арналған қадам» деп бағалайды. Лондондағы Central Asia Due Diligence талдау орталығының директоры Әлішер Ильхамов Азаттыққа сұхбатында Өзбекстан билігі Қазақстандағы билік транзиті мен Қаңтар қырғынынан қандай сабақ алғанын айтты.
7 сәуірде таңертең Израиль Ливанның оңтүстігі мен Газа аумағында шоғырланған ХАМАС ұйымының нысандарына әуеден соққы жасады. Иерусалим бұл шабуылдар 6 сәуір күні Ливаннан Израильдің солтүстігіне атылған зымыранға жауап дейді.
Қытай басшысы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин "шексіз әріптестік" туралы келісімге қол қоймай тұрып, қос мемлекет жылдар бойы интернет пен билікке қарсы көңіл-күйді бақылау саласында бірлесіп жұмыс істеп келген. Азаттықтың қолына түскен құпия материалдар осыны дәлелдейді.
Тағы