Ташкент бұл өзгерістерді «елді демократияландыруға арналған қадам» деп бағалайды. Лондондағы Central Asia Due Diligence талдау орталығының директоры Әлішер Ильхамов Азаттыққа сұхбатында Өзбекстан билігі Қазақстандағы билік транзиті мен Қаңтар қырғынынан қандай сабақ алғанын айтты.
7 сәуірде таңертең Израиль Ливанның оңтүстігі мен Газа аумағында шоғырланған ХАМАС ұйымының нысандарына әуеден соққы жасады. Иерусалим бұл шабуылдар 6 сәуір күні Ливаннан Израильдің солтүстігіне атылған зымыранға жауап дейді.
Қытай басшысы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин "шексіз әріптестік" туралы келісімге қол қоймай тұрып, қос мемлекет жылдар бойы интернет пен билікке қарсы көңіл-күйді бақылау саласында бірлесіп жұмыс істеп келген. Азаттықтың қолына түскен құпия материалдар осыны дәлелдейді.
Си Цзиньпин мен Владимир Путиннің Мәскеуде өткен кездесуінде Қытай мен Ресейдің қарым-қатынасында жаңа дәуір басталды деп жарияланғаннан кейін Пекин Орталық Азия саммитін өткізетін болды.
Мәскеуде үш күн болған Қытай басшысы Си Цзиньпин еліне қайтты. Оның Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі символизмге толы болды. Нәтиже қандай?
Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путин мен бала құқығы жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белованы тұтқындауға ордер берді. Сот төрағасы «президент пен уәкіл Украинаның оккупацияланған аумақтарынан балаларды депортациялап, әскери қылмыс жасады» деп күдіктенеді.
Тағы