Түркиядағы Антакия қаласында зілзала кезінде жоғалып кеткен Қазақстан азаматын құтқарушылар үйінді астынан алып шыққан. Қолы сынған. Бүлінген зәулім ғимараттың астында қалған тағы екі қазақты құтқару үшін Қазақстаннан барғандар арнайы техникаға мұқтаж екенін айтып, жұрттан жәрдем сұрады.
Түркияда болған зілзаладан бірнеше мың адам қаза тауып, ондаған мың адам зардап шекті. Олардың саны әлі де көбеюі мүмкін. "Хабарсыз кеткендердің арасында қазақтар да бар" деген хабар тарады. Азаттық Түркияда тұратын қазақтармен сөйлесіп, табиғи апаттан кейінгі жағдайды білді.
6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа – Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала кіндігі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңызнда, 10 км тереңдікте болған.
Былтыр жылдың аяғында Кремль пандемияға байланысты кейінге шегерілген 2021 жылғы халық санағының нәтижесін жариялады. Бұл аз ұлт өкілдерін алаңдатқан даулы жобаға айналды.
Киев Олеся Илащук туралы "қазіргі қызметіне тамыр-таныстықпен қол жеткізген "сексолог-кеңесші" деген ақпаратқа қарамастан, оны Болгарияға елші етіп жіберді. Бұл Болгарияның Украинаға әскери көмек беру туралы шешіміне кері әсер етпей ме?
Украинаны қайткен күнде де қалпына келтіру керек және бұған миллиардтаған қаражат қажет болады. Ресейдің соғыс репарациясын төлеуі я Мәскеудің бұғатталған қаражатын Украинаны қалпына келтіруге жұмсау жайлы айтылып жүр. Бұл жақсы жоспар болып көрінуі мүмкін, бірақ ол заңды әрі тиімді ме?
Тағы