6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа – Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала кіндігі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңызнда, 10 км тереңдікте болған.
Былтыр жылдың аяғында Кремль пандемияға байланысты кейінге шегерілген 2021 жылғы халық санағының нәтижесін жариялады. Бұл аз ұлт өкілдерін алаңдатқан даулы жобаға айналды.
Киев Олеся Илащук туралы "қазіргі қызметіне тамыр-таныстықпен қол жеткізген "сексолог-кеңесші" деген ақпаратқа қарамастан, оны Болгарияға елші етіп жіберді. Бұл Болгарияның Украинаға әскери көмек беру туралы шешіміне кері әсер етпей ме?
Украинаны қайткен күнде де қалпына келтіру керек және бұған миллиардтаған қаражат қажет болады. Ресейдің соғыс репарациясын төлеуі я Мәскеудің бұғатталған қаражатын Украинаны қалпына келтіруге жұмсау жайлы айтылып жүр. Бұл жақсы жоспар болып көрінуі мүмкін, бірақ ол заңды әрі тиімді ме?
Еуроодақтың бағы жанып, биыл қыста электр энергиясынан ажырап, жылусыз қалу қаупінен құтылды. Бірақ Мәскеу табиғи газ экспортын тоқтатса, келесі жылы бұдан да қиын болуы мүмкін. Ал сарапшылар ұзақ мерзімде қарастырғанда Ресей жапа шегетінін анық дейді.
Америкалық әскери стратег әрі жазушы Шон Макфейтті кейде ежелгі қытай қолбасшысы Сунь Цзымен салыстырады. Ол Азаттыққа сұхбатында Ресейдің соғысты бейбітшілік деп көрсетпек болғаны, Украинаға басқыншылықты тоқтатуға көмектесетін "астыртын соғыстың" пайдасы мен зияны туралы айтты.
2022 жылғы іс-әрекеттері үшін халықаралық санкцияларға тап болған Ресей мен Иран енді кіммен сауда жасамақ? Әрине, бір-бірімен және аластатылған кішігірім мемлекеттермен. Бұлар күш біріктіріп, Батыспен бәсеке жарыстыруға қабілетті ме? Сарапшылар ол күмәнді дейді.
2022 жылдың басында Қытай мен Ресей шексіз әріптестік туралы мәлімдеп, Мәскеу Украинаға басқыншылық жасады. Бұл жыл екі ел үшін де тыныш бола қойған жоқ. Ал 2023 жылдан не күтуге болады?
Моңғолияда Қытайға заңсыз көмір сату дауы жаппай наразылыққа түрткі болды. Жемқорлықты тоқтатуды, кедейлік қажытқан елдің жағдайын жақсартуды талап еткен жүздеген наразы адам Ұланбатырдағы үкімет үйіне кіруге талпынды. Билік заңсыз көмір сату жайлы бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Тағы