Accessibility links

Өзбекстан шетелде ұзақ жүрген азаматтарына зейнетақы төлеуді тоқтатпақ


Өзбек билігі шетелге кетіп, үш ай ішінде оралмаған адамдарға зейнетақы төлеуді тоқтатады. Бұл туралы елдегі зейнетақы қорының баспасөз қызметі хабарлады.

"Өзбекстанға оралған соң төлем қалпына келеді. Азамат төленбеген айлардың зейнетақысын алуға қақылы, бірақ өтініш берген сәтке дейінг 24 айдан аспауы қажет" деді қордың баспасөз қызметі.

Өзбекстан заңына сәйкес, зейнетақы төлеу өзге де жағдайларда тоқтатылады. Мысалы, зейнетақы төлеу уақыты аяқталғанда, зейнетке жасы бойынша ертерек шыққан адам жұмысқа тұрғанда, зейнетақыны үш ай бойы алмағанда, зейнеткер бас бостандығынан айырылғанда және өзге жағдайларды доғарылады.

2024 жылғы 1 қыркүйекте Өзбекстанда ең аз айлық зейнетақы 834 мың сом (65 доллар) болған. Бұл көрсеткіш Қазақстанда 110 доллар, Қырғызстанда 80 доллар және Тәжікстанда 18 доллар шамасында.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG