Қазақстандық белсенді мен құқық қорғаушы халықаралық жиында елде азаматтар "негізсіз қудаланып, азапталатыны" туралы баяндама жасады. Құқық қорғаушы судьялардың Ақордаға "тәуелді" екенін айтты. Жиынға қатысқан Қазақстан билігінің өкілі жеке оқиғаларға емес, жүйелі мәселелерге назар аударуға шақырды.
Төрт күн бұрынғы жойқын зілзаладан мыңдаған адам зардап шеккен Ауғанстанның таулы өлкесінде еріктілер қабір қазып, үйінді астынан шығарылған мәйіттерді жерлеп жатыр. Құрбандар саны әлі де нақты емес. Ал Ресей Украинаның астық экспортталатын маңызды аймақтарына тағы да шабуылдады. Адам шығыны жоқ,
ХАМАС экономикаға баса назар аударып отырғандай кейіп танытты. Шабуылға ашық дайындалды, бірақ Израиль мұны сырт көзге ұйымдастырылған шоу деп түсінді дейді ақпарат көзі.
ХАМАС радикал тобының шабуылынан Израильдің 900-дан астам тұрғыны қаза тауып, 2,6 мың адам жараланған. Шабуыл басталғалы бері Газа секторында 700-ден астам адам өліп, кемінде 3700 адам жараланды дейді жергілікті денсаулық сақтау мекемесі. Израиль кейінгі 50 жылда алғаш рет соғыс жағдайына көшті.
Ресей күштері Украинаның Харьков облысындағы шағын ауылға ракета атып, салдарынан 51 адам қаза тапқан. "Жарты ауылды жоқ қылды" дейді сол жерде жүрген журналист. Билік өкілі "бұл – соғыс басталғалы бері бір сәтте ең көп адам қаза тапқан оқиға" деп мәлімдеді.
Қазақстан үкіметі интернетті шектеп, сайттарды бұғаттап, контентті алып тастауды талап етеді. Ал журналистер түрлі шабуылға ұшырайды деп жазған Freedom House халықаралық ұйымы 4 қазанда жариялаған Freedom of Net баяндамасында.
Turkmen.news сайтының негізін қалаушы әрі бас редакторы Руслан Мятиев әлемдегі ең жабық мемлекеттердің бірінде ақпаратты қайдан алатынын, кімдер беріп отыратынын және түркіменше жемқорлық қай жағынан пайдалы екенін айтып берді.
25 қыркүйек түнде Таулы Қарабақтан қашқандар кезекте тұрған жанармай бекеті жарылып, 20 адам көз жұмған. Екі жүзге жуық адам жараланғаны хабарланды. Ауруханаға түскендердің кейбірі ауыр халде жатыр. Батыс елдері Әзербайжанды армяндардың қауіпсіздігін сақтауға шақырды.
21 қыркүйекте Әзербайжанның Евлах қаласында Бакудегі орталық үкімет пен Таулы Қарабақтағы жікшілдер келіссөз өткізбек. Екі күн бұрын Әзербайжан қайтадан шабуылға шыққан соң көп ұзамай жікшілдер соғысты тоқтату туралы келісімге келген.
Тағы