Қазақстан үкіметі интернетті шектеп, сайттарды бұғаттап, контентті алып тастауды талап етеді. Ал журналистер түрлі шабуылға ұшырайды деп жазған Freedom House халықаралық ұйымы 4 қазанда жариялаған Freedom of Net баяндамасында.
Turkmen.news сайтының негізін қалаушы әрі бас редакторы Руслан Мятиев әлемдегі ең жабық мемлекеттердің бірінде ақпаратты қайдан алатынын, кімдер беріп отыратынын және түркіменше жемқорлық қай жағынан пайдалы екенін айтып берді.
25 қыркүйек түнде Таулы Қарабақтан қашқандар кезекте тұрған жанармай бекеті жарылып, 20 адам көз жұмған. Екі жүзге жуық адам жараланғаны хабарланды. Ауруханаға түскендердің кейбірі ауыр халде жатыр. Батыс елдері Әзербайжанды армяндардың қауіпсіздігін сақтауға шақырды.
21 қыркүйекте Әзербайжанның Евлах қаласында Бакудегі орталық үкімет пен Таулы Қарабақтағы жікшілдер келіссөз өткізбек. Екі күн бұрын Әзербайжан қайтадан шабуылға шыққан соң көп ұзамай жікшілдер соғысты тоқтату туралы келісімге келген.
Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысы аясында алғаш рет АҚШ – Орталық Азия басшыларының саммиті өтпек. Онда не талқыланады? Тараптар нені көздейді? Азаттық АҚШ-тағы Питтсбург университеті нарық және басқару орталығының жетекшісі Дженнифер Брик Муртазашвилимен сөйлесті.
Армения басшылығы Ресейге ашық қарсы шығып, мәлімдеме жасай бастады. Бұған қоса, елде АҚШ жасағының қатысуымен әскери жаттығу өтіп жатыр. Бұл Ереван Мәскеуден іргесін аулақ сала бастады дегенді білдіре ме?
Ливияның дауыл мен тасқыннан қатты зардап шеккен Дерна қаласында үйінді астында қалған адамдарды іздеу әлі жалғасып жатыр. Ресми мәлімет бойынша, 5 мыңнан аса адам қаза тауып, 10 мыңнан аса адам табылмай жатыр. Қала билігі қаза тапқандар 18 мыңнан 20 мыңға жетуі мүмкін деп қауіптенеді.
Марокко халқы кейінгі алпыс жылдағы ең жойқын зілзаладан әлі ес жия алар емес. Қаза тапқандар саны 2100-ден асып кетті. Тау етегінде тұратын көп елдімекенге құтқарушылар әлі жетпеген. Үйінде астында қалғандарды жұрт қолмен қазып, шығарып жатыр.
Тағы